среда, 8 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Діни экстремизм мен терроризм: туындау себептері мен сипаттамалары

Жасөспірімдер мен жастар арасында деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу мақсатында Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушы ұстаздарымен және студенттермен «Діни экстремизм мен терроризм: туындау себептері мен сипаттамалары» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге ОҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлім маманы И.Абулхайров қатысты.

Кездесу барысында И.Абулхайров: «Дін хақында аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Дей тұрғанмен, қоғам өмірінде маңызды орын алатын бұл мәселеге өте мұқият назар аудару қажеттігін дүрбелеңге толы дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Ұлтымыздың мақтанышы ұлы Абай Құнанбайұлы: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегені де келер ұрпаққа көп жайттан хабар бергені ақиқат. Сондықтан да бұлар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мынадай жолдар атап көрсетілгені белгілі: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.

Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды діннің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек». Бүгінде еліміздегі исламның тұрақты дамуына басты қатер төндіруші негізгі көздер ретінде әрқилы радикалдық және экстремистік топтар көрініс беруде. Олар қоғамымызға жат діни құндылықтар мен идеалдарды таратуда. Осының салдарынан әлеуметтік қысым артып, мұсылмандар арасында жіктелу мен сенімсіздік туындауда. Тәжірибе барысы радикализм мен фанатизмнің саяси мақсаттарды көздейтін сыртқы күштердің қамқорлығы аясында қалыптасып жатқанын көрсетіп беріп отыр. Шынайы ислам экстремизм мен терроризмнің барлық көріністерін жоққа шығарады. Сондықтан да экстремистік әрекеттерге, осы жолда жанын қиып жатқандарға ешқандай ақтау жоқ, болған емес, болмайды да.

Жалаң ұрандарды көтеріп, өзін-өзі жару яки өлтіру ешбір ақылға сыймайды. Бұл түйткілдің ахлақтық яки заңнамалық жағын айтпағанда теологиялық тұрғысы да шым-шытырық. Дінде Алланың дінінің атынан адам өлтірмек түгілі, құдайына қараған адам болғансып ілімсіз сөз сөйлеудің өзі үлкен күнә саналады.

Қазіргі заманның қанатты сөзіне айналған тәмсілді тағы да қайталағымыз келеді: Барлық лаңкестік әрекеттер - дін үшін жасалған күрес емес, керісінше, дінге қарсы бағытталған күрес.

Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да: «Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс», — деп шегелеп айтқанын естен шығармаған жөн. Яғни Мемлекет басшысы мұнда шынайы дін мен сол дінді бетперде еткісі келетіндердің аражігін ажыратып берген.

Кездесу соңында оқытушы-ұстаздар мен студенттер өздерінің толғандырып жүрген дін тақырыбындағы сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0