понедельник, 20 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Мақтаралда этносаралық татулықтың маңыздылығы жөнінде кездесу өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданына келген жергілікті ақпараттық насихат тобы әлеуметтік нысандар мен мәдениет үйлерінде халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған топ Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің жеке тапсырамасы аясында Шымкент қаласы облыстық орталық мешіт жанынан құрылған болатын.

Кездесуге ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек бастаған топ құрамында Б.Әміре, А.Садиев, Е.Қарақұлов, Қ.Сарыбаев, А.Данияров, Б.Сыздықов және Мақатарл аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі П. Есенбековтер Мақтарал ауданындағы Марзакент, Асықата, Атакент және Жетісай қаласындағы орталық мәдениет үйлерінде кездесу өткізді.

Басты мақсат – жергілікті тұрғындар арасында этносаралық татулықтың маңыздылығын түсіндіріп, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және жастар тәрбиесі мен отбасы құндылықтарының сақталуына үлес қосу болып табылады.

Айта кету керек, аталған ауданда қазақтардан бөлек өзбек және тәжік этносының өкілдері де көп қоныстанған.

Кездесулер барысында дін өкілдері жиналған халыққа Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған дінаралық, этносаралық татулық туралы мәлімет беріп, діндегі татулықтың алар орнын уағызбен жеткізді. Сонымен қатар, діни радикализмнің, салафизмнің, экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер залалы туралы да айтылып, жастардың теріс діни ағымдардың жетегіне кетпеуіне басымдық берілді.

Аталмыш кездесулерге жергілікті ауыл билері, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, мектеп мұғалімдері мен түрлі этнос орталықтарының өкілдері т.б. жалпы саны 1120 адам қатысты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0