воскресенье, 9 февраля 2025 г.
icon
511.18
icon
530.6
icon
5.28
Алматы:
icon
-8oC
Астана:
icon
-20oC
×

Алматыда 593 аз қамтылған отбасына көмірдің ысын анықтайтын құрылғы орнатылды

Алматы әкімдігінің қолдауымен смарт құрылғылар тегін таратылды.

Алматылық төтеншеліктер қаладағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға улы газдың ену қаупін алдын алатын құрылғыларды орнатып бітті. Ондай үйлердің саны мегаполисте 593 екен. Соның ішінде 404 жанұя көмір пайдаланады.

Жалпы, от жағу маусымы басталысымен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарымен апта сайын кездесулер өткізді. Кездесу барысында анықталғандай, тұрғындарды көбінесе өз үйлеріндегі пештердің өрт қауіпсіздігі жағдайы алаңдатады екен. Оған негіз жоқ емес. Былтыр еліміздің әр өңірінде улы газдан зардап шеккен оқиғалардың жиі орын алуы тұрғындарды алаңдатуы заңды. Сол себепті Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті биыл «Әр үйге қауіпсіздік» науқанын ұйымдастырып, соның аясында пешпен жылытылатын жекеменшік үйлерге көмір қышқыл газын анықтайтын дабыл құрылғылары орнатылды. Құрылғы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға және қарт адамдардың үйлеріне қойылды.

Уытты заттардың рұқсат етілген концентрациясы мөлшерінен асып кеткен жағдайда, көмір қышқыл газын анықтайтын дабыл құрылғысы іске қосылып, тұрғындарға қауіптілік туралы авариялық дыбыстық сигнал естіледі.

2019 жылдың 9 ақпанында Алматы гарнизонының жеке құрамы ЖПҚ-ы, аудандық әкімдіктер, «Нұр Отан» партиясы және ҚР Қызыл жарты ай Қоғамының еріктілерімен бірлесіп 8 мың 364 тұрғын үйді тексеріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 10 мыңнан астам жаднама табысталды.

Жалпы, департамент жекеменшік тұрғын секторында орналасқан 145 мыңнан астам тұрғын үйді есепке алды. Жылыту маусымының басталуына дейін бір ай уақыт қалғанда, департаменттің жеке құрамы барлық үйлерді толықтай аралап шықты. Жазатайым оқиға болған 20 мыңнан астам үйлер қайтадан тексерілді. Үй иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар беріліп, сондай-ақ 8395 адамды қамтыған 486 жиналыс өткізілді.

Смарт құрылғыларды Алматы әкімдігінің қолдауымен мамандар тегін таратқан еді. Үйлерін көмірмен жылытатын отбасылар құрылғының орнатылғанына дән риза. 

«Күніне екі рет, ал күн қатты аязда үш рет от жағасың. Таңғы 5-те бір, сосын күндізі 3-5 терде бір. Түнде міндетті түрде Менен «Сізде қалай газ жоқ?», - деп сұрады. Сол кезде құбырдан түтін да бірден арнайы құрылғы орнатып берді», - деді тұрғындардың бірі Сәуле Жандаева.

Қалалық төтеншеліктер өткен демалыста аудан әкімдіктері ұсынған барлық көп балалы отбасы мен әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға құрылғы қойып шықты. Енді қаладағы барлық жер үйлерді жаңа жылға дейін аралап, қауіпсіздік шараларын түсіндірмек. Құрылғыларды орнату жұмыстары қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқанын айта кетейін. 

«Жалпы, қала бойынша 145 395 жеке тұрғынүй анықталған. Оның ішінде 55 мыңын еріктілер мен төтеншеліктер және әкімдіктің өкілдері аралап шықты. Жылдың аяғына дейін осындай профилактикалық өрт сөндіру түсіндірме жұмыстарын толығымен жүргізіп, құрылғымен қамтамасыз етуге болады»,– деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0