пятница, 3 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Қызылорда облысының 52 жобасы «Еңбек» бағдарламасы арқылы қаржыландырылған

Жыл басынан бері «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде атқарылған тірлік көп. Субсидиялау құралы бойынша 10,058 млрд теңгеге 870 жоба мақұлданса, соның 150-і – биылғы 10 айда қол жеткізген жетістік. Кей кәсіпкерлер ісін алға бастырып, несиемен күш жинап алуға ұмтылғанмен, кепілге қояр мүлкі жоқ. Аталған қор кепілдік беру құралы бойынша барлық кезеңде 6,377 млрд теңгенің 378 жобасын қаржыландырса, оның 85-сі биылғы он айдың еншісінде. Қызылорда қаласында қордың көмегімен мол қаржыға кенелген көптеген кәсіпкерлік нысандары баршылық.

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері 793 млн теңгеге 106 кәсіпкер қолдауға ие болса, оның 396 млн теңгені құрайтын 52 жобасы биыл қаржыландырылған. Сондай-ақ, 2019 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына 299 млн теңге бөлінді, оның ішінде 281 млн теңгеге 32 жоба қаржыландырылды. Негізінен мұнда келетін азаматтардың дені – банкке қояр кепілі болмай қиналғандар. Одан бөлек, инвестициялық бағдарламалардың қатысушылары да жеткілікті. Бұл бағдарламаның 40 проценті қала тұрғыны болса, 60 проценті – ауылдық елді мекендерден келгендер. Ал 90 проценті кәсібін жаңадан бастап жатыр.

«Күн сайын біз қормен өзара іс-қимыл жасау процесі барынша жағымды, жайлы және пайдалы болуы үшін жұмыс істейміз. Оның үстіне,  кәсіпкерлер үйден шықпай-ақ egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы «Даму» қорының кепілдігін алу үшін ғана емес, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алу үшін өтінім бере алады. Егер кәсіпкерлердің бірі онлайн-қызметтерді қалай пайдалану керегін әлі аяғына дейін білмесе, оған әрдайым біздің кеңесшілеріміз кәсіби көмек көрсетуге дайын. Кәсіпкерлерге жасалып жатқан жағдайдың қаншалықты екенін осыдан-ақ байқай беріңіздер», – дейді «Даму» АҚ облыс бойынша филиалының директоры Ерлан Түктібаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0