Мемлекеттік бағдарлама аясында қаражатқа ие болған қызылордалық кәсіпкерлерге арнайы семинар ұйымдастырылды

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында «Жас кәсіпкер», «Бастау» жобасы бойынша дәріс алып қайтарымсыз қаражатқа ие болған кәсіпкерлерге арнайы семинар ұйымдастырылды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында қаражатқа ие болған қызылордалық кәсіпкерлерге арнайы семинар ұйымдастырылды

Семинарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі А.Ә.Әлайдарова қатысып «Жас кәсіпкерлермен» өзінің шығармашылық жұмыстары жайлы пікір алмасты. Семинар барысында «Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, бастауыш кәсіпкерлерше бизнесін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ бастауыш кәсіпкер, үлгі ретінде өз кәсібін қалай бастағанын, қандай қиындықтар болғанын көрсетіп, олардың қателіктері мен артықшылықтарын талқылады, пікір алмасты.

Семинар соңында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі А.Ә.Әлайдарова өңірімізді бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жолында белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Loading...
По теме:

16 апреля, пятница