среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Қызылорда облысындағы егін шаруашылығы төтенше жағдайға қарамастан жүргізілуде

Биыл Қызылорда облысында 183,1 гектар жерге егін егу межеленіп отыр. Күріш егу жұмыстары бойынша 88 мың гектар жоспарланды. Алайда, биыл су тапшылығы болады деген болжамға сәйкес күріш егу көлемі 2400 гектарға азайтылады. Оның орны басқа дақылдармен толықтырылатын болады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов бүгінгі өткен онлайн брифинг барысында баяндады.

«Бүгінде облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары ерте егістік кезеңі бойынша жұмыстар атқарып жатыр. Атап айтқанда 27,2 мың гектар жерге егін егілді. Оның ішінде 3,8 мың гектар жаздық бидай, 0,6 мың гектар жаздық арпа, 4,4 мың гектар мақсары, 18,4 мың гектар жаңа жоңышқа егілді. Қазіргі таңда оңтүстік аудандарда жоңышқа және бидай егістігін суару жұмыстары жүргізілуде. Негізгі дақыл – күріш өнімін егу 20 сәуірден басталады. Егін шаруашылығына қатысты мәселе жоқ. Қажетті тұқымдар мен минералдық тыңайтқыштар жеткілікті, техникалар дайын. Президент тапсырмасына сәйкес көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға 170 млрд теңге бөлінді», — деді Бақыт Жаханов.

Төтенше жағдайға байланысты аймақта экономиканы тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылданды. Облыста алдағы үш айға қажетті қор қалыптастыру үшін азық-түлік өнімдерінің 18 түрі бойынша тұрақтандыру қорына 4 299 тонна өнім сатып алуға облыстық бюджеттен 881,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде тұрақтандыру қорында 1 983 тонна өнім бар.

«Қажетті өнімдер Қызылорда қаласында әлеуметтік дүкендер арқылы сатылса, аудандарға 2 рефрижатор көліктері арқылы тасымалдануда. 1 сортты ұн бағасын тұрақтандыру және нанның бағасын қымбаттатпау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы, Астық өңдеушілер одағы және Қызылорда облысы әкімдігі арасында сәуір-тамыз айларында ай сайын  килограмы 130 теңгеден 2 475 тонна 1 сортты ұнды облысқа жеткізу туралы меморандумға қол қойылды.  Сондай-ақ, Қызылорда және Түркістан облыстары әкімдері арасында, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен тікелей 17 түрлі ерте пісетін көкөніс өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру және кедергісіз көрші облысқа кіріп-шығуды қамтамасыз ету туралы меморандумға қол қойылды», — деп атап өтті Б. Жаханов.

3 874 сауда субъектілері бақылау шараларымен қамтылатын болады. Сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бекітілген шекті бағалардың сақталуы және әкімшілік жауапкершілік шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді облыс әкімінің орынбасары. Заң бұзушылыққа жол берген сауда субъектілеріне әкімшілік тәртіптік шаралар қолданылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0