Қызылорда облысы бойынша Шиелі және Жаңақорған аудандарының шаруашылық құрылымдарына инвестициялық субсидиялау бағдарламасына сәйкес көлемі.
Бес гектардан бастап қарқынды алма бағын және жеміс-жидек дақылдары мен жүзім отырғызу бойынша субсидиялар төленіп келді. Бұған дейін аймақтың ҚР Ауыл шаруашылығы министрімен бекітілген мамандандырылған схемасына осы екі аудан ғана енген болатын. Биыл бұл тізімге Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал және Қызылорда қаласын енгізу туралы ұсыныс берілді. Жіберілген ұсыныстар қолдау тауып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы №182 бұйрығымен облыстың барлық аудандары мен Қызылорда қаласы бойынша көп жылдық жеміс-жидек дақылдары өңірдің мамандандыру схемасына енгізілді.
Инвестициялық субсидиялау бағдарламасына сәйкес шаруашылықта тамшылатып суғару әдісі, тіреуіш бағаналар, аласа бойлы және жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттері, бiр гектарға көшеттер саны 2 мың данадан 5 714 данаға дейін, құрамында уытты элементтері жоқ материалдан жасалған қорғаныш тор болуы қажет.
Осы орайда ауыл шаруашылығы құрылымдары отырғызатын жеміс-жидек бағының көлемі бес гектардан бастап және одан да жоғары болған жағдайда инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша кеткен шығындардың 25 пайызы субсидияланатынын айта кету керек.