вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
-1oC
×

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері Маңғыстау облысы әкімдігінің бақылауында

Қазір коронавирус инфекциясын емдеу үшін клиникалық хаттамаға енгізілген Ремдесевир препаратын сатып алу соңғы кезеңде тұр. Айта кету керек, медициналық ұйымдарға COVID-19 емдеу үшін антибиотиктердің 16 түрі үздіксіз жіберілуде. Бүгінде медициналық ұйымдарға азитромицин таблеткасы, гентамицин ампуласы, меропенем, метронидазол, цефтриаксон флакондары және т. б. жөнелтілді.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі жағдай бойынша еліміздегі медициналық ұйымдарға 128,7 млн теңгеге 59 түрлі дәрілік зат жөнелтілді, сондай-ақ ҚР Үкіметінің резерві аясында жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жеке қорғану құралдары, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сатып алынды.

«Ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі резерві қаражатынан жалпы сомасы 18,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде: ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне 12,8 млрд теңге; басқа ведомстволарға және осы іс-шараға тартылған мемлекеттік органдарға 5,3 млрд теңге берілді. Коронавирус инфекциясының эпидемиясы басталғаннан Бірыңғай дистрибьютор 19 сатып алу рәсімін өткізді. Сондай-ақ, жасалған шарттар шеңберінде КВИ-мен күресу үшін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қосымша көлемі сатып алынды», — ақпаратта хабарлануда.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарға жеке қорғаныс құралдары мен дәрілік заттар жөнелтілді: бетперде, қолғап, обаға қарсы костюмдер бар.

«Бұдан басқа, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу үшін 59 түрлі дәрілік заттар сатып алынды. Өңірлердегі медициналық ұйымдар коронавирус инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасына енгізілген вирусқа қарсы препаратпен (Лопинавир-Ритонавир дәрісі) қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, бүгінде жеткізу кестесімен қосымша сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектерді дәріханалардан сатып алмайды. Біріңғай дистрибьютор «СК Фармация» ЖШС ғана сатып алады. Жалпы дәріханалар шағын және орта бизнес субъектілеріне жататын болғандықтан, олардың қызметін тексеруге денсаулық сақтау басқармасына құзыретіне кірмейтінін еске саламыз. Жалпы медициналық ұйымдарды үздіксіз дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі жергілікті атқарушы органдарының жіті назарында. Барлық медициналық мекемелер барлық тапсырысты уақтылы берген, ал жеткізіліп жатқан дәрі-дәрмектер провизорлық стационарларға жеткізіліп отыр», — хабарлайды Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0