суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-6oC
×

Сыр өңірінде  жаңа инвестициялар тартылуда

Өңір экономикасын қайта қалпына келтіру бағытында Сыр өңірінде  жаңа инвестициялар тартылуда. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгінгі брифинг барысында хабарлады. 

Өңір экономикасын қайта қалпына келтіру бағытында Сыр өңірінде жаңа инвестициялар тартылуда. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бүгінгі брифинг барысында хабарлады.

Атап айтқанда:

Арал ауданында құны 4,5 млрд теңге болатын 2 жаңа инвестициялық жоба іске асырыла бастады;

1) құны 1,5 млрд теңге болатын жылына 130 тоннаға дейін түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін («Қазақ Кэмел» ЖШС) цехтың құрылысы басталды. Кәсіпорын 150 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл — аймақта осыған дейін болмаған жаңа өндіріс. Қажетті шикізат Арал және Қазалы аудандарының түйе өсірушілерінен сатып алынатын болады;

2) құны 3 млрд теңге болатын жылына 180 мың тонна тұз өндіретін үшінші испандық цехтың құрылысы «Арал тұз» АҚ) басталды. Жоба аясында 198 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл елдегі тұз өндіретін ең ірі кәсіпорын, оның өнімдері экспортқа, соның ішінде Қытайға да шығатын болады.

Сонымен бірге, 2020 жылдың екінші жартыжылдығында Қызылордада 3 нысан құрылысы басталады.

Олар:

1)Арал ауданында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыттың құрылысы;

2) Қызылорда қаласында шыны пластик құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы;

3) Жаңақорған ауданында күн электр станциясының құрылысы.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін 3 өндіріс іске қосылады деп жоспарлануда.

Олар:

— Қызылорда қаласында шыны зауыты;

— Арал ауданында кварц құмын байыту бойынша тау-кен байыту комбинаты (бірінші желісі);

— Қармақшы ауданында құс фабрикасы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0