вторник, 19 марта 2024 г.
icon
449.3
icon
489.69
icon
4.89
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
-0oC
1xadv
×

Г. Әбдіқалықова: «Сақтық шараларына бағыну — тұтас ел алдындағы азаматтық борышымыз»

Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен брифингте пандемиямен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен аймақтың экономикалық ахуалы жөнінде айтылды.

Эпидмаусым басталғанда облыста барлығы 976 төсекорын дайындалды. Оның 135-і инфекция, 241-провизор, 600-карантиндік орын. Бүгінгі күні олардың саны 2405-ке артты. Үйдегі стационар қағидасы бойынша облыс көлемінде 161 мобилдік топ жұмыс жасауда.

«Қажеттілік туындаған жағдайда 500 төсек орын резервіміз бар. Оның ішінде инфекциялық 200 және провизорлық 300 орын әзірленді. Облыста 6 компьютерлік томограф қызмет көрсетеді. Оның 4-еуі облыс орталығында, 2-еуі ауданда орналасқан. Қосымша аппарат алуға демеушілерді тарту мәселесі қарастырылуда», — деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Короновирус індетіне қарсы күресте 6 ПТР аппараты жұмыс жасауда. Тәулігіне 750 сынама алуға қол жеткізілді. Эпидмаусым басталғалы барлығы 65 230 сынама алынды. Бірінші тамызға дейін тағы 3 ПТР (ветеринарлық  қызметінің екі және «СПИДке қарсы күрес орталығының», «Олимп» медицина орталығының) аппараттары іске қосылады.

Сонымен аймақ бойынша 9 ПТР аппараты халыққа қызмет жасап, анализдер саны тәулігіне 1500-ге жеткізіледі деп күтілуде.

Өңірде 52 рентген аппаратының 20-ы облыс орталығындағы, 32-сі аудандардағы медицина мекемелерінде қызмет көрсетеді. 109 өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ) бар. Денсаулық сақтау министрлігіне 192 ӨЖЖ аппаратына тапсырыс берілді. Сонымен қатар, 153 оттегі концентраторы бар. Кеше қосымша өңірімізге «Шұғыла» қоғамдық қоры тарапынан 200 дана оттегі аппараты жеткізілді.

Құзырлы органдармен жүргізілген мониторинг барысында дәрілік заттарды заңсыз сатудың — 50 дерегі анықталса, санитариялық және карантиндік талаптарды бұзған (жеке тұлға) 62 тұлға әкімшілік шараға тартылды.

COVID-19 инфекциясына қарсы күрес шараларына тартылған 2407 медицина қызметкеріне қаржылай қолдау мақсатында пандемия кезеңінде 4 айда 1 млрд 117,6 млн теңге төленді. Сондай-ақ, облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіліп, қажетті бекітілген 26 түрлі дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасты. «СК Фармациядан» келетін барлық дәрі-дәрмектің 100 пайызы келді. Ал, дәріханаларда 1 айға жетерлік дәрі қоры қалыптасты. Бүгінгі күні сұраныстағы дәрілердің 100% сатылымда бар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0