воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-11oC
×

Қызылордалық дихандар күріш жинау маусымын ашты

Сыр өңірінде күріш жинау маусымы басталды. Жергілікті ғалымдар шығарған «Сыр сұлуы» сортына талапқа сай деген баға беріліп отыр. Сырдың ауа-райына бейімделген, дәні ірі, түсі жылтыр күріштің бұл түрі басқа сорттарға қарағанда 10-15 күн ерте піседі.

Фото: wikifarmer.com
Фото: wikifarmer.com

Биыл өңірдегі 875 гектар жерге отандық күріш сорты егілді. Дихандар келесі жылғы егіс көлемін 17 гектарға көбейтуді жоспарлауда. Аймақта су тапшылығы мәселесінің орын алуына қарамастан, Сыр шаруалары жаңа технология мүмкіндіктерінің, жылдар бойы жинаған тәжірибелерінің арқасында өнімділікті арттыруды көздеп отыр. Осы орайда дихандар цифрлық жүйе арқылы су, ауа, топырақ жағдайын, зиянкестермен күрес секілді егін процесін бақылап, алдын алып отырған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов биылғы күріштің жағдайына 70 пайызы жақсы, 20-25 пайызы орташа, қалғаны орташадан төмен деген баға берілгендігін айтты. Сол себептен де биылғы егістен өткен жылғыдан жоғары көлемде егін жиналады деп күтілуде.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0