суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-4oC
×

Қызылорда: Аймақта фунционалдық сауаттылықты арттыру басты назарда

Бүгін Қызылордада халықаралық сауаттылық күніне орай брифинг өтті. Брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова жаңа оқу жылының басталуына орай білім саласындағы жаңалықтармен бөлісті. Сондай-ақ, аймақтағы білім беру саласының жетістіктері мен жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының жұмысы сөз болды.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

«Қазір білім берудің парадигмасына сай оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру басты талап. Яғни, мектеп жасындағы балалардың алған білімін өмірде қолдану қажеттілігі басты орынға шығып отыр. Мұны біз функционалдық сауаттылық дейміз. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшудегі басты мақсатымыз да осы. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу 2016 жылдан 1-сыныптардан басталса, биыл 11 сыныптармен толық аяқтайды», — деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Сонымен қатар, білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін бағалайтын PISA, TIMSS, PIRLS, IСІLS халықаралық зерттеулеріне облыс оқушыларының 2012 жылдан қатысып келе жатқандығын жеткізді. Оған қоса, өңірде дарынды балаларды қолдау шараларының жаңа деңгейде дамитынын, талапты, инновациялық идеяларға құмар, жанашыл озық жобаларды жүзеге асыратын жас өнертапқыш жастардың жобаларының іске асатындығын айтты.

«Елбасы» қорының бастамасымен жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау мақсатындағы «Ел үміті» жобасы өз жұмысын бастап кетті. Аталған жоба бойынша «Мың бала» олимпиадасына аймақтағы ауылдық жерлерден 256 бала қатысты. Оның ішінде 75 оқушы жеңімпаз атанып, мамандандырылған мектептерге оқуға жолдама алады», — деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Сыр өңірінің іргелі білім ордасы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті оқу процесін Platonus, Zoom, e-univer, Classroom, Microsoft Teams, Cisco Webex платформалары арқылы жүргізіп келеді. Университеттің кітапханасы оқу бағдарламаларына сай жаңа оқулықтармен толықтырылып, студенттер жатақханасы білім алушыларға қолайлы жағдай туғызу мақсатында жылдамдығы 500 мб/сек. сымсыз Wi-Fi интернетке қосылған.

«Университетте заман талабына сай мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бакалавриаттың 19 мамандығы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілсе, биылғы оқу жылынан бастап «Информатика» және «Химия» мамандықтары толық ағылшын тілінде оқытыла бастады.  Шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс аясында Ресей, Қытай, Польша мемлекеттерінің оқу орындарымен бірлескен 5 білім беру бағдарламасын, 3 қос дипломды бағдарламаны жүзеге асыру жоспарлануда. Биылғы оқу жылында қабылданған дарынды және әлеуметтік аз қамтылған 204 білім алушыға  Ректор гранты тағайындалды және арнайы жеңілдіктер жасалды», — деді университет ректоры.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0