пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Қызылорда облысында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қызылорда облысының жергілікті автомобиль жолдары желісін дамытуға 2020 жылы 19614,0 млн теңге бөлу жоспарланды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 11 794,0 млн теңге, ал облыстық бюджеттен 7820,0 млн теңге қарастырылған. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Сала басшысының айтуынша, биыл ұзындығы 488 шақырым автомобиль жолдары мен көшелер, көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 136 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу үшін 39 жоба көзделіп, 5 434,0 млн теңге бөлінген. Ал, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі аралықтағы 4,6 шақырым жолға 618,5 млн теңге қарастырылған. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы көше жолдарын жөндеуге 1 957,6 млн теңге бөлініп отыр.

«2020 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішін 69 пайызға жеткізу жоспарланған. Облыстық басқарма арқылы жалпы құны 7 257, 4 млн теңгені құрайтын 21 жоба жүзеге асырылуда. Қызылорда қаласының сол жағалауындағы Ғ.Мұратбаев көшесіндегі көпірден бастау алатын магистральды көше құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бұл көшені Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолымен байланыстыратын жол айрығын салу жобасына 2 млн теңге бөлініп, конкурс жариялануда», — деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы да ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда, бағдарлама арқылы 255 шақырым автомобиль жолдары мен көшелер, көпірлер күрделі және орташа жөндеуден өткізіледі. Осы тұрғыдағы 263 жоба бойынша 2639 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жоба аясында Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары қамтылады.

Басқарма басшысы биыл Қазалы ауданындағы Бекарыстан би – Қожабахы, Жалағаш ауданындағы Мәдениет – Аққыр жолдарындағы көпірлерге жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарының аяқталатынын жеткізді. Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Шіркейлі каналы арқылы салынған көпірлердің пайдалануға берілетіндігін атап өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0