четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Қызылорда облысында тез тұрғызылатын модульдік аурухана салынуда

Қызылордада 200 орындық тез тұрғызылатын модульдік аурухананың құрылысы жүруде. Іргетасы монолиттен, шатыры сэндвич панельден, сыртқы қабырғалары зауытта жасалған блоктан салынуда.

фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

«Қызметкерлерге арналған үй-жай, әкімшілік және диагностика бөлімі, санитарлық өткізу аймақтары болады. Жалпы, 56 екі орындық палата, 16 үш орындық палата, 6 бір орындық және 7 екі орындық бокс, қарқынды терапия бөлімшесінде 20 төсек қамтылған», — деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы  басқармасының басшысы Бердияр Прімбетов.

Сондай-ақ, қаланың Сол жағалауында «100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік көпсалалы аурухана», «Отбасылық медициналық орталық», «300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты», «Салтанат сарайы», көгалды хоккей алаңы, «Облыстық қазақ музыкалық-драма театры», «Облыстық қан орталығы» секілді ғимараттар салынатын болады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0