воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-11oC
×

Қызылорда облысында өңірлік геоақпараттық жүйесі құрылады

Жоба негізінде жерге қатысты деректер сандық форматқа көшіріліп, рәсімдеу мерзімі қысқарады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Қарабаев мәлімдеді.

Соңғы бес жылда 430 мың га ауыл шаруашылығы жері айналымға енгізілді. Биылға 60 мың га жер учаскесін табыстау жоспарланған. Жер қатынастары саласын цифрландыру, одан әрі дамыту үшін ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізілетін болады.

«Бұл өзгерістер жер саласындағы бюрократиялық рәсімдерді болдырмау, жер беру рәсімдерін біріздендіру, қағазсыз қызмет көрсету, жер рәсімдеудің барлық кезеңінде ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бастысы, конкурс арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді рәсімдеу мерзімі 6 айдан 1 айға дейін, ал басқа мақсаттағы жерлерді рәсімдеу 2 айдан 15 күнге қысқарады. Оны облыста жүзеге асыру үшін «Өңірлік геоақпараттық жүйесін» құрамыз. Қазір жұмыстар жүргізілуде», — деді Ғалымжан Мырзахметұлы.

Мал шаруашылығын дамыту бағытында да шалғай ауылдардағы су көздерін түгендеу жұмыстары жүргізіледі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0