суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-7oC
×

Сыр өңірінде көтерме-тарату орталығы салынады

Өңірде көкөніс өнімдерін сақтайтын қойманы кеңейту мақсатында көтерме-тарату орталығы салынады. Ол үш жерде орналасады. Яғни, облыс орталығында және Жаңақорған, Шиелі аудандарында. Әр қайсысына 8 гектар жер бөлінді. 

«Сауда-логистикалық аймақ құру және көкөніс өнімдерін сақтайтын қойманы кеңейту бағытында  шаралар қабылданды. Орталықты салуға жер телімі белгіленді. Енді құрылысына қатысты жұмыстар атқарылуда. Бастысы, өңірге қажетті өнім қоры жасақталып, көтерме бағада сатылады», — деді  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Айтпақшы, Қазақстанда 24 көтерме-тарату орталығы салынады. Тауар өткізу жүйесінің инфрақұрылымы 2,1 млн тоннадан астам тауарларды қабылдауға, сақтауға қайта тиеуді және 5 мың адамға жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0