Семейде жеңіл өнеркәсіп саласына жас мамандардарды тартпақ
Семей қаласы әрдайым Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің орталығы болған. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде бұл сала біраз өзгерістерге ұшырады. Жеңіл өнеркәсіп нысандарының шикізат жеткізуден бастап, өндірістік циклдарды қайта қалпына келтіруіне тура келді. Кейіннен ішкі тұтыну нарығы үшін шетелдік өндірушілермен қатты бәсекелестік кезеңі келді.

Фото взято с сайта sonar2050.org
Шаһарда тігін бағытындағы цехтер көп. 90 жылдары ашылып, ісін әлі дөңгелетіп отырғандары саусақпен санарлық. Себебі түрлі экономикалық құлдырауларда қиындыққа шыдас бермегендері қаншама. 1999 жылы ашылған шеберхананың бірі әлі күнге дейін нарықта өз өнімін өткізу үшін тынбай еңбек етіп келеді. Өнімдерінің сапасы жоғары болғандықтан, сұраныс та бар. 20 жылдан астам уақытта жұмыс киімдері мен формаларына тапсырыс беретін тұрақты тұтынушылар базасы қалыптасты. Олардың ішінде ірі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен өндірістік ұйымдар бар. 30 жыл бұрын Қазақстандағы өнеркәсіптік нысандарының жұмысшылары мамандандырылған киімдер туралы армандаған да жоқ, - дейді мекеме өкілдері. Себебі ол кезде аяқтан шалған проблемалар шаш етектен еді. Бүгінде тау-кен және мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың қызметкерлері шеберхананың арнайы киімдері туралы жақсы біледі. Мұның бәрі жас дизайнер Ирина Булутханованың Түркия мен Қытай елдерінде қосымша курстан өткеннен кейін, өзінің тігін өндірісін ашқан соң басталды. Бүгінде аяғынан нық тұрып, көптеген кәсіпорындарға, құқық қорғау органдары мен Қазақстан армиясының бөлімдерінің тапсырыстарын орындап жүр. Семейде шығарылған өнімнің ыңғайлылығы мен сапасын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өзі жоғары бағалаған.
«Біздің өнімдерімізге шағымдар болған емес. Жалпы алғанда, қатардағы жауынгерден бастап генералдарға дейін барлығының біздің өнімдерімізге көңілі толады. Және олар бірнеше жылдан бері тұрақты тұтынушыларымыз. Өнімдер коллекциясы Тұңғыш Президентімізге көрсетілген» дейді кәсіпорын жетекшісі марқайып. Тігін шеберханасында жоғары санатты мамандар жұмыс істейді. Ал шеберхана тек арнайы киім тігумен ғана шектелмейді, мұнда олар барлық санаттар мен жастарға арналған сырт киімдерді де тігеді. Мәселен, егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ата-аналар балаларына Қытайдан немесе Ресейден шығатын мектеп формасын сатып алуға мәжбүр болса, бүгінде оларға отандық өнімнің кең ассортименті ұсынылады.
Жеңіл өнеркәсіп саласының ардагері Елена Кривомазованың айтуынша, сапалы, әдемі және ыңғайлы киім тігу - бұл шығармашылық тәсілді қажет етеді. Оның пікірінше, Қазақстанда жасалған арнайы киімдер Ресей мен Қытайдың компаниялармен бәсекелесуге қауқарлы.
«Мұнда Ресей ,Қытай, Италия мен Франциядан артық тігеді десем, артық айтпаймын. Қалада бұл іспен кім айналысатынын жақсы біледі. Мүмкін мен мақтауын асырып жіберген шығармын, бірақ бұл менің пікірім. Мысалы, тігілгені ұнамаса, қайтадан сөгіп, тігемін. Бізде барлығы сапалы» дейді ол.
Бұл салада жас мамандардар жетіспейді. Осыған байланысты компания басшылығы оқу орталығын құру туралы шешім қабылдаған. Онда қыздар мен әйелдер тігінші мамандығын меңгеріп, білікті шеберлерден үйренуге мүмкіндік алады.
-
«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист30.01.2023, 01:20В полиции прокомментировали шокирующее фото с якобы принимающей наркотики девочкой30.01.2023, 19:354-летний мальчик утонул в бассейне фитнес-клуба в Шымкенте30.01.2023, 12:22Заставлял беременную жену заниматься сексом с другом: Опубликованы жуткие видеоСегодня, 12:55Мужчина заснул в заведенной машине и не проснулся30.01.2023, 16:45Россияне продолжают заезжать в Казахстан с буквой Z30.01.2023, 12:10
-
18:33Военнослужащие, рискуя жизнью, спасли из пожара жителей Уштобе18:18Певца Игоря Николаева экстренно госпитализировали18:04Корейский певец продолжает записывать свои версии казахстанских песен17:53Фильм о Каныше Сатпаеве выйдет в прокат 2 февраля17:42В Шымкенте и 8 областях РК объявлено штормовое предупреждение17:31МИД России заявило, что не вмешивается во внутренние дела Казахстана17:17Сын бизнесмена употребляет порошок с несовершеннолетней: Полиция отреагировала на видео17:04Тенге отлично подрос16:52Токаев снова назвал проект ЛРТ ошибкой16:41Ставить в магазинах казахстанские товары выше российских просят в Сети16:30«На пустом клочке земли сразу же появляется ЖК» – Токаев о застройке столицы16:23Качество дорог в Астане вызывает вопросы у президента16:15Из-за задержек акимата ТЭЦ в столице подорожал на 53 млрд16:08Сперма во рту: Расследование возобновили после громкого заявления15:54Танымал кәсіпкер астаналық студенттің өмірін түбегейлі өзгертті