Шығыс Қазақстанның өнерлі отбасы тізімі толығуда
Отбасылық өмір жолдары өнерден бастау алып, қазіргі таңда шаңырақ көтеріп, отау құрған жандар жетерлік. Солардың бірі Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауылында тұратын Ақметқалиевтар әулеті. Отыз жылдан астам уақыт бойы ән көгінде әсем туындыларын қалықтатып жүрген өнерлі жұп бүгінде көпке үлгі.

Береке бірлігі жарасқан мерейлі отбасы мүшелерінің барлығы да өнерге жақын. 90-шы жылдардың басында сонау Тарбағатай ауданынан қоныс аударған Ақметқалиевтар отбасы ел жұрт қызыға қарайтын өнерпаз әулетке айналды. Отағасы Құмархан мен отанасы Анаргүл екеуі өмірге Әнуар, Мадияр, Іңкәр, сынды үш перзентті дүниеге әкелген. Бүгінде ұлдарынан тараған немерелердің қызығын көріп отыр. Бұл әулеттің ұл-қыздары да өнерден кенже қалмаған. Бірі халыққа асабалық қызмет көрсетсе, енді бірі дәстүрлі ән орындаушысы. Ал кенжелері Іңкәр Өскемендегі ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесін тәмамдады. Балаларының айтуынша, өнерге келулеріне ата-аналары тікелей сеп болған.
«Халықтың қөшеметіне бөлені, жадырап күліп, күш жігері тасып көздерінен от көргеннен кейін мен де осы салаға тартылдым. Көрейік бізде қалай болар екен деген сұрақ мазалады. Ел ортасында жүріп несібеңді табу маған қызық көрінді. Әкемнен дарыған бұл қасиет демек біздің қанымызда бар. Талантты текке тәрк етпеу керек қой. Әкемнің ең жақсы қасиеті кез-келген жанмен тез тіл табысып, баурап әкетуі. Мейлі шопан болсын, мейлі полиция қызметкері болсын, кез-келгеннің тілін тез таба біледі. Және ортасында ерекше сыйлы азамат. Сол кезде «міне, нағыз өнер адамы осындай болу керек шығар» деп ойлаушы едім. Анамыздың да бойындағы өнерге деген махаббатты бала күнімізден бойымызға сіңіріп өстік. Домбыраның үнімен ұйықтап, домбыраның үнімен ояндық. Әлі күнге дейін қара домбыраның үні үзілген жоқ. Үзілмесе деп тілеймін» , - дейді кіші ұлдары.
Шаттығы шалқыған бұл шаңырақта отбасы мүшелерінің барлығы бір дастархан басын жиналған сәттерінде күмбірлеп күй тартылады, әуезді әндер әуелейді. Отағасы балдай тәтті немерелеріне музыкалық аспаптардан рухты оятатын әуезді әндерді шырқаса, шаңырақтың түтінін түтетіп отырған ана келіндеріне үнемі өмірден білген-түйгенін, ақыл-кеңесін айтып отырудан жалыққан емес.
Отбасы - мемлекеттің бір бөлшегі. Осындай үлгілі де өнегелі отбасылар мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатыны анық.
-
«Әншілер, Меккеге емес, ата-әжелеріңнің зиратына соңғы рет қашан бардыңдар?» – журналист30.01.2023, 01:20В полиции прокомментировали шокирующее фото с якобы принимающей наркотики девочкой30.01.2023, 19:354-летний мальчик утонул в бассейне фитнес-клуба в Шымкенте30.01.2023, 12:22Заставлял беременную жену заниматься сексом с другом: Опубликованы жуткие видеоСегодня, 12:55Мужчина заснул в заведенной машине и не проснулся30.01.2023, 16:45Россияне продолжают заезжать в Казахстан с буквой Z30.01.2023, 12:10
-
18:33Военнослужащие, рискуя жизнью, спасли из пожара жителей Уштобе18:23Токаев направил телеграммы соболезнования руководству Пакистана18:18Певца Игоря Николаева экстренно госпитализировали18:04Корейский певец продолжает записывать свои версии казахстанских песен17:53Фильм о Каныше Сатпаеве выйдет в прокат 2 февраля17:42В Шымкенте и 8 областях РК объявлено штормовое предупреждение17:31МИД России заявило, что не вмешивается во внутренние дела Казахстана17:17Сын бизнесмена употребляет порошок с несовершеннолетней: Полиция отреагировала на видео17:04Тенге отлично подрос16:52Токаев снова назвал проект ЛРТ ошибкой16:41Ставить в магазинах казахстанские товары выше российских просят в Сети16:30«На пустом клочке земли сразу же появляется ЖК» – Токаев о застройке столицы16:23Качество дорог в Астане вызывает вопросы у президента16:15Из-за задержек акимата ТЭЦ в столице подорожал на 53 млрд16:08Сперма во рту: Расследование возобновили после громкого заявления