Тәуелсіздік құрдастары: Жас шығысқазақстандықтар елінде алаңсыз еңбек етуде
Тәуелсіздік таңының атқанына биыл 30 жыл. Сан саладағы жетістіктер жетерлік. Әлбетте бұл жолда тәуелсіздік құрдастарының да қосқан үлесі зор. Еліміз егемендікке қол жеткізген жылы дүниеге келген ұл мен қыздар бүгінде 30 жасқа келді. Олар түрлі мамандықты игеріп, елдің қарыштап дамуына өз септіктерін тигізіп келеді.

Қазақстан дербестігін күллі әлемге жариялаған тұста сонау шығыстағы Марқакөл өңірінде дүниеге есігін ашқан жандардың бірі Толқын Дүсіпова. Тәуелсіздіктің төл құрдасы. Қазір ұлағатты ұстаз. Соңғы бес жыл бойы Өскемендегі №35 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бала күнінен аңсаған арманы – шәкірт тәрбиелеу. Бүгінде оқушылары мен әріптестерінің ортасында сыйлы маман.
«Маған Елбасымыздың мына бір сөзі әрдайым шабыт береді: «Болашақ жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақтың тізгіні ұстаздардың қолында» деген. Яғни, осы ұстаздардың еңбегі арқылы біз жарқын болашақты, үлкен маман иелерін тәрбиелейміз. Осы жолда көптеген қызметтер, мүмкіндіктер туып жатыр. Тәуелсіздіктің арқасы деп ойлаймын. Өзімді осы тәуелсіздіктің құрдасы болғанымды мақтан етемін әрдайым», - дейді тәуелсіздіктің төл құрдасы Толқын Дүсіпова.
Ұрпақ тәрбиесіне тікелей жауапты маманның иығындағы жүгі ауыр. Дегенмен, ел егемендігін алған тұста өмірге келген ұрпақтың санасы еркін, ойы азат. Себебі олар дербес елде дүниеге келді. Ұстаздық – ұлы іс. «Соқпағы көп бұл жолда жүрек қалауымен келген жандар ғана жетістікке жетеді» дейді жас ұстаз. Ал жұмысының жемісі – өнегелі шәкірттері.
Толқын Дүсіпова, мұғалім: «Мақсат қойып, балалық шағымнан армандап келген мамандығымнан «мен неге артқа қайтуым керек, мен осы жолдың биігіне шығуым керек, шыңынан көрінуім керек, мен шәкірт тәрбиелеуім керек. Алдымдағы көзі мөлдіреп отырған балаларды көрген кезде барлығын ұмытып кетіп, «неге мен осы балалардың қызығын, осы балалардың биік шыңдардан көрінгеніне куә болмаймын, менің қолымнан келеді, мен осы тұста жұмыс істеуім керек» деп бүкіл қорқынышты да, бүкіл қиындықты да артқа тастап алдыға қарай ұмтыласың».
Қазақстан егемендігін алған сәт шеттегі талай қандастарымыздың үміт отын маздатты. Тарихи Отанына оралу мүмкіндігі туғанда олар ойланбастан еліне бет алды. Актриса Айгүл Хамитқызы еліміз егемендігін жариялаған тұста Қытай жерінде дүниеге есігін ашқан. Сәбидің туғаны ел егемендігін жариялаған уақытпен тұспа-тұс келгенін ата-анасы жақсы ырымға балап, кейіннен Отанына оралады. Ал Өскемендегі жастар театры Айгүлдің мүлде басқа қырынан бағын сынауға мүмкіндік берді. Жаңа тынысы ашылып, ол театрдағы мансабына білек сыбана кірісті.
«Бәрі Тәуелсіздіктің арқасы. Осылай шалқып жүргеніміз, алаңсыз еңбек етуіміз. Бәрі-бәрі егемен еліміздің арқасы. Бізде тәуелсіз мемлекет болмаса осылай өз тілімізбен сайрап сөйлер ме едік?! Өз мемлекетімізде өмір сүрер ме едік?! Басқа елде туып-өссек те, тәуелсіздігіміз болмаса, өз мемлекетіміз болмаса біз мұнда келмес те едік қой. Бәрі осы Тәуелсіздігіміздің арқасы» дейді актриса.
Тәуелсіздіктің төл құрдасы Айгүл Хамитқызы қазір театр сүйер ағайынның сүйікті әртісі. Қоржынындағы қазіргі 7-8 рөлінің саны да жыл өткен сайын артатынына ол бек сенімді. Өйткені, өнерге адал. Тәуелсіздік құрдастары әр саланың тізгінін ұстап, ел дамуына септігін тигізіп жүр. 1991 жылы дүниеге келген бұл кейіпкерлеріміз елімізбен бірге өсті, жетілді. Олар жаңа заман ұрпағы. «Тәуелсіздік құрдасы» атану мақтаныш пен жауапкершілік,- дейді өздері.
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Женщина сожгла новорожденного: Начато досудебное расследование26.01.2023, 20:10Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробностиСегодня, 09:42
-
17:08Нападающий «Барыса» стал автором лучшего гола недели КХЛ16:54Мужчина из Атырау избивает пожилую мать, обвиняя во всех бедах16:40Марат Омаровтың әйгілі әні шіркеуде қазақша шырқалды16:26Авто разорвало при столкновении со столбом в Алматы. Никто не выжил16:13Акиматам хотят разрешить застраивать национальные парки16:00За оскорбление учителя или врача придется заплатить двойной штраф15:48Техосмотр стал доступен для автомобилей с иностранными номерами15:35Почти 10 лет жители Шантобе борются с безработицей после закрытия рудника15:24Маленькая девочка восхитила TikTok игрой на домбре15:10Бибисара Асаубаева победила знаменитого гроссмейстера14:57Два трупа нашли в селе Костанайской области14:4317-жастағы Ақерке базарда ән айтып, еміне ақша жинап жүр14:29Пока премьер отчитывал министра, его коллега копался в телефоне14:15Чемпионка Азии по настольному теннису обыграла акима Шымкента14:00Неустойчивую погоду прогнозируют казахстанцам в выходные