четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
-1oC
1xadv
×

Павлодарда ҰОС ардагерінің пәтері жөнделіп, жарымжан зейнеткерге арнайы көтергіш орнатылды

Павлодарда ҰОС ардагері Степан Швецтың пәтерінде қалалық бюджеттен 963 809 теңгеге жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бір жұманың ішінді 90 жастағы ардагердің үйінде екі балкон жөнделіп, санитарлық тораптар ауыстырылды. Бүгінде Степан Артемұлы мен Елизавета Петрқызы екі бала, бес немере мен үш шөберені тәрбиелеп, өсірген.

«Біз бұл пәтерге 2008 жылы көшіп келдік. Сол уақыттан бері жеңіл жөндеу ғана жүргіздік. Осы жылы балконның ескі терезе жақтауын пластикалыққа ауысытырып, қаптап, линолеум төселді. Сонымен қатар біздің өтінішімізбен қалған қаражатқа жуынатын бөлме мен дәретхана жөнделді», — дейді ардагердің жұбайы Елизавета Швец.

Бұдан басқа, Торайғыров көшесі, 6 мекенжайында тұратын екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі Зинаида Зыкинаның үйінің алдына «ДОИ «Замандас» АҚ демеушілігімен арнайы көтергіш орнатылды.

«Мен жетінші қабатта қызыммен тұрамын. Ол күні бойы жұмыста болады. Сондықтан далаға шығаратын адам болмаған соң, жарық күнді көрудің өзі арман. Енді міне, таза ауа жұтуға өзім шыға аламын», — деді Зинаида Зыкина.

«Фора» ЖШС инженері Нұрболат Сәрсембиннің сөзіне сүйенсек,  құрылғылар толықтай Павлодарда жинақталған. Павлодар мен Астана қалаларында 14 көтергіш орнатқан аталмыш фирма үш жыл бойы ортопедиялық жабдықтарды жеткізумен айналысады. Сол кезден бері көмекке мұқтаж жандар осындай құрылғылар қойылса деп ниет білдірген. Бүгінде олардың тілегі ескерусіз қалмады. Аталмыш құрылғының орташа бағасы - 800 мың теңге.   

Айта кетерлігі, 2013 жылы 124 ардагердің пәтеріне 99,4 миллион теңгеге, 2014 жылы 65 пәтерде 58 миллион теңгеге, өткен жылы 29 пәтерде 26 миллион теңгеге жөндеу жасалды. Ағымдағы жылы бес ардагердің пәтерін жөндеу үшін қалалық бюджеттен 3,7 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі күні Павлодарда 125 ҰОС ардагері бар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0