суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-8oC
×

Алматы облысында механизаторлар мен агрономдар жетіспейді

Алматы облысы Ескелді ауданында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Сұраныста механизаторлар, комбайншылар, агрономдар мен өзге де жұмысшы мамандықтардың өкілдері. Шаруа қожалықтарының басшылары жұмысқа үміткерлермен әңгімелесіп, өзара салыстырып, керектілерін жұмысқа шақыруға мүмкіндік алды. Ал жәрмеңкеге қатысушылар нарықтың, ұйымдардың сұраныстары мен талаптарын білді.

Барлығы 83 адам келген, олардың арасында мүмкіндіктері шектеулі жандар да бар. Ескелді ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалы директорының орынбасарының айтуынша, жұмыссыздардың басты проблемалары қазіргі еңбек нарығы туралы хабарсыз болулары.

«Жәрмеңкеге қатысушылармен әңгімеселу барысында олардың мемлекеттік бағдарламалардың, қолдау шаралары мен басқа да жеңілдіктердің жүзеге асырылып жатқандығынан бейхабар екендіктері анықталды. Біз «екі қолға бір күрек таппай жүргендерді» жұмыспен қамту орталығына, Палатаға шақырамыз. Мамандар олардың барлық сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік және қаржылай емес қолдау шараларын түсіндіріп бере алады», — деп атап өтті А.Тайжанов.

«Хильниченко» шаруа қожалығының басшысы Александра Хильниченконың пікірінше, жұмыссыздықтың себебі – нарықтың сұранысынан бейхабар болу.

«Қазір ақпарат пен технологиялар заманы, алайда көбі бұған мән бермейді. Ата-аналар балаларын бұрынғысынша экономикалық, заң, гуманитарлық оқу орындарына жібереді. Сосын жұмыстың жоқтығына қапаланады», – дейді шаруа.

Жәрмеңкеде 6 жұмыс беруші 33 бос қызмет орнын ұсынды. Жәрмеңкенің басты жетістігі – 20 адам жұмыс тапты, ал 10 жас маманға жастар тәжірибесі бағдарламасы ұсынылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0