среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Алматы облысында шағын несие бағдарламасы бойынша 90 өтінім мақұлданды

Несие комитетінің төрайымы Римма Салықованың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта жалпы сомасы 308 млн 500 мың теңге болатын 90 өтінім мақұлданды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

«Қазір қорға сомасы 533 200 мың теңге болатын 112 өтінім берілді. Өткен мәжілісте 57 жобаны қарадық, әріптестеріміз жаңа өтінімдер күтуде. Бағдарламаға қатысушылар арасында Ақсу, Ескелді, Кербұлақ   аудандарының кәсіпкерлері алғашқы несиелерді алды. Жуықта басқа аудандардың бизнесмендерінің  өтінімдері де мақұлданады», — деп түйіндеді  Р.Салықова.

Комитеттің көңіл бөліп отырғаны – қызылша өсіру саласы. Осылайша шағын несие беру бағдарламасы қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етіп, отандық өнім үлесін ұлғайтуды межелеуде.

Кәсіпкер Әбен Тайжановтың айтуынша, қаржының уақытылы берілгендігінің арқасында егіс жұмыстары сәтті жүргізілді.

«Шағын несие беру бағдарламасы биылғы жылы жақсы қолдау көрсетті, өйткені тұқым, тыңайтқыш, жұмысшыларға еңбекақы беру қажет болды. Қазірдің өзінде  кәсіпкерлер бағдарламаны жалғастыру жайлы  тілек білдірді. Шағын несие беруді жылдар бойы күттік, өйткені екінші деңгейдегі банк шарттары кәсіпкерлерге қол емес еді», – деді «Тельман» шаруа қожалығының басшысы.

Шағын несие беру бағдарламасының ерекшелігі жер телімдерін, тұрғын үйлер мен құрылыстарды және басқа қозғалмайтын мүлікті кепіл ретінде қоюға болады. Сонымен қатар сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7%-дан аспайды.

Еске сала кетсек, «Атамекен» ҰКП мен Алматы облысы әкімдігі шағын бизнес субъектілері үшін 600 млн теңге бөлген еді. Өңірдегі несие беруші оператор «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры (АШҚҚҚ)» АҚ болып табылады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0