суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-6oC
×

Маңғыстау облысында қылмыс көрсеткіші 7,7% пайызға азайды

Маңғыстау облысында тіркелген қылмыс саны 7,7% пайызға төмендеді, деп хабарлайды NewTimes.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұлт жоспары «100 нақты қадам» 30 қадамы бойынша Қазақстанда жергілікті полиция қызметі құрылды. «Жергілікті полиция қызметі туралы заңға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның 9-1 бабының 6 пункті бойынша  жергілікті полиция басшылары жылына екі рет әкім мен мәслихат алдында, бір рет халық алдында есеп береді.

Әкімдікте хабарлағандай, Маңғыстау облысының полиция қызметінің құрамына учаскелік инспекторлар мен көмекшілердің, ювеналды, жол-патрульдік, табиғатты қорғау, әйелдерді зорлықтан қорғау қызметтері кіреді.

6 ай ішінде Маңғыстау облысында тіркелген қылмыс саны 7,7 пайызға қысқарды. Атап айтсақ, жеңіл түрдегі жарақат алу 37,4 пайызға, орта ауыр дәрежеде 0,5 пайызға, ауыр қылмыс 0,8 пайызға қысқарды.

Автокөлік жағдайларына байланысты тәртіп бұзушылық 53,1 пайызды көрсетті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0