суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Ақтауда 216 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері 32 «б» шағынауданында құрылысы жүріп жатқан нысанмен танысты, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімін тексерген комиссия мүшелері ризашылықтарын білдірді.

Белгіленген мерзім бойынша «Оңдасын Строй» мекемесі өз қаражатына салып жатқан алты қабатты жаңа тұрғын үйді Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай пайдалануға бермек. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 85%-ы толықтай орындалған.

«Мұнда күні-түні тынбай жергілікті 100 адам еңбек етуде. Құрылысқа қажетті материалдарымыз да жергілікті. Мәселен, цементіміз Шетпеден, тастарымыз Жаңаөзен мен Жетібайдан. Жалпы құрылысты өткен жылдың қыркүйек айында бастадық. Үй құрылысын тапсырғаннан кейін балалар ойнайтын алаң және шағын парк салуды бастаймыз», — дейді участке бастығы Нұрбек Бекбаев.

Құрылыс саласында он жылдан бері табысты еңбек етіп келе жатқан мекеме өткен жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тұрғындарға 40 пәтерлі екі және 60 пәтерлі үш үйді тапсырған. Биыл Тәуелсіздік мерекесінде тұрғындарға «Қаламқас» тұрғын үй кешенінен 216 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беріп, қуантпақшы.

«Тұрғын үй құрылысының сапасы бізге ұнады. Үйдің сыртын қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріп жатқаны да көңілімізден шықты. Соңғы кездері салынып жатқан үйлердің сыртына тұрғындардың көңілі толмай, бізге шағым айтып жүргендері кездесетін еді. Бүгінгі құрылыс жұмысын көріп, сол олқылықтың орны толғанын көріп, қуанып отырмыз. Біздің қаламызға сапалы әрі алыстан көз тартатын әдемі үйлер қажет. Өзге де құрылыс мекемелері осыны ескере жүрсе екен деген тілектеміз. Инженерлік жүйе мен жылу, электр, су құбырларының сапасын да тексердік. Өте сапалы құрылыс деп баға береміз», — деді «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қуаныш Есетов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0