пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Маңғыстау облысында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Қоғамдық кеңес отырысына облыстағы жемқорлыққа қарсы жұмыла жұмыс жасайтын департаменттер мен басқармалардың, атқарушы және құқық қорғау органдарының, кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты. Олар жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарының деңгейін талқылады.

«Отырыста жер қатынастары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету талаптарының бұзылу деректері айтылып, нақты мысалдар келтірілді», — дейді жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Байшылық Сарман.

Тиісті орындар жүргізген тексерулер барысында артық құжаттар талап ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытында жауап бермеу, мемлекеттік қызметтер тізіміне енгізілмеген «жасырын қызметтер» анықталған.  Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2016 жылдың 9 айы ішіндегі статистикалық ақпарат облыста 2824 кемшілік тіркелгендігін көрсетті, — дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Жасұлан Маршақ.

Қоғамдық кеңес отырысы аталған кемшіліктерді жою жөнінде қаулылар қабылдады.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0