среда, 4 декабря 2024 г.
icon
523.17
icon
550.06
icon
4.93
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-11oC
×

Шымкентте Төлешовтің ісіне қатысты соңғы күдікті сотталуда

Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты соңғы күдікті Руслан Іргебаевтың сот процесі басталды.

Бұған дейін ҚР Әскери сотының баспасөз қызметінде шымкенттік олигархтың ісіне қатысты бір күдіктінің ісі жеке қаралатыны айтылған болатын.

«Аталған іске қатысы бар бір күдіктінің денсаулығы нашарлауына байланысты оның ісі бөлек қаралатын болады», — делінген аталған хабарламада.

ҚР Әскери сотының мәліметінше, Руслан Іргебаев Төлешов ісіндегі негізгі күдіктілердің бірі болмаған.

Естеріңізге салайық, аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталған «Шымкентсыра» АҚ-ның бұрынғы иесі Тоқтар Төлешов былтыр 21 жылға сотталған еді. Сот оның 9 үйін, жер телімін, асыл тұқымды жылқыларын, қымбат автокөліктерін тәркіледі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: