среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Қостанай сотының залында қара риэлторлар тобының басшысы өзіне жарақат салды

Сотталушы Шахраман Алибаев сот залында белгісіз өткір затпен өзін-өзі жаралады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері. 

Осындай адам сенгісіз оқиғаны Қостанай облыстық қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі растады.

Тұтқында болған Алибаевтың мойнын кесіп кеткен заттың қайдан пайда болғаны әзірге белгісіз. Оның жарақаты жеткілікті дәрежеде ауыр болып сипатталуда. Алибаев сот залынан ауруханаға жеткізілді. Оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қостанайда 8 жыл бойы әрекет еткен қара риэлторларға байланысты атышулы іске құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ нотариустардың қатысы бар. Бұл іс өткен жылдан бері сотта қаралуда. Отырыс барысында Алибаев мәлімдегендей, ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі көшбасшылары қазіргі таңда бостандықта жүр және құқық қорғау органдарында жауапты қызметтерді атқаруда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0