пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Италияндық кәсіпкерлер Алматы облысына инвестиция құюға ниет білдірді

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов италияндық делегациямен кездесті. Кездесу барысында екі тараптың қарым-қатынастағы мүдделі экономикалық байланыстары туралы кеңінен сөз болды, деп хабарлайды NewTimes.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, басым бағыттары туралы баяндаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов италияндық кәсіпкерлермен бұл әңгімелесу одан әрі тиімді жобаларға ұласатынына сенім білдірді.

Кездесуге келген Италияның 4 ірі «INFORTRADE SRKS», «Garmet», «Brio», «Longo» компаниясының басшылары өздерінің айналысатын саласы, өндірісі, бағыт-бағдары мен жоспарлары туралы қысқаша баяндап өтті. Қоқыс өңдеумен, жаңартылған энергия көздерін дамытумен, темір бұйымдарын шығарып, құрылыс жүргізумен, жеңіл өнеркәсіппен айналысатын аталмыш компаниялар Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытатындарын  жеткізді. Кездесу соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов Елбасының алдымызға қойып отырған ауқымды міндеттерінің бірі инвестиция тарту екенін, облыс аумағында бірқатар маңызды жобаларды іске асыруға мүдделілік танытқан еуропалық кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін айта келе, ресми қонақтардың істеріне сәттілік тіледі.

Жүздесуден кейін италияндық делегация Кәсіпкерлер палатасында облыс және қала әкімдігі мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтетін жиынға қатысап, онда нақты жобаларды іске асыру жолдары талқыланады деп күтілуде. Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы бірқатар өнеркәсіп нысандарын аралайды деп жоспарланған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0