пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
1oC
1xadv
×

Қызылорда облысы «БЖЭҚ» АҚ-мен меморандумға қол қойды

5 маусым күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа жұмыс сапарымен келген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Кездесу барысында Қызылорда облыстық әкімдігі мен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 Меморандумға сәйкес, қор қызметкерлері облыс тұрғындарын ақпараттандыру, атап айтқанда: халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және  зейнетақы жүйесін жаңғырту жөнінде іс-шаралар жүргізеді.

Аймақ басшысы атап өткендей, ресми деректерге сүйенсек, Қызылорда облысы халқының саны 769,5 мың адамды құрайды. Ал, 345 623 адам экономикалық тұрғыдан белсенді   болып саналады. Оның ішінде, 206 904 адам (60%) жалдамалы қызметкерлер болса, 121 647-сі (35%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0