суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асырылуда

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында инновациялық технологиялармен қатар өнеркәсіп, АӨК, көлік және логистика, құрылыс секторы секілді дәсүрлі салаларды дамыту керек деп атап өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz. Осы орайда Қызылорда облысында ауыл шаруашылықты әртараптандыру, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды жұмыс жасалды.

Мәселен, Арал ауданында төрт түлік малдың тұқымын асылдандыруға бағытталған «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асырылуда.

Өткен жылы 5 шаруа қожалық «Сыбаға» бағдарламасының аясында «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы несие алып, 223 сиыр мен 10 бұқа сатып алды. «Алтын асық» бағдарламасының аясында 9 шаруашылық 510 аналық қой мен 27 асыл тұқымды қошқар алды. Тағы да 9 шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасының аясында 170 бие мен 18 айғыр сатып алды.

Атап өтейік, соңғы жылдары Қызылорда облысы мал шаруашылық саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша өңірлер арасында алдынғы қатарда тұр. Одан бөлек, аймақта бордақылау алаңдары мен ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу цехтары салынып, жаңа өндірістер ашылып жатыр және инвесторлармен келіссөз жүргізілуде. Мәселен, Иран және Қытай кәсіпкерлері әріптестік орнатуға қызығушылық танытып, Сыр өңірінде аграрлық саладағы бірқатар жобаны қолға алмақ.

Одан бөлек, Жаңақорған  ауданында жыл сайын малшылар слеті ұйымдастырылады. Естеріңізге салайық, биыл мамыр айында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылық Министрі Асқар Мырзахметов және Ақтөбе, Өнтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары мамандары, жетекші ғылыми зерттеу институттары ғалымдарының қатысуымен үшінші облыстық малшылар слеті өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0