четверг, 26 декабря 2024 г.
icon
514.93
icon
536.04
icon
5.18
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-9oC
×

Алматы облысы аймақаралық ынтымақтастықты арттыруда

Аймақаралық ынтымақтастық - өркендеу өрісін кеңейтудің тиімді тетігі. Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстары ортақ құны 20 млрд теңгеден асатын 9 меморандумға қол қойды. Бұл Амандық Баталов бастаған Жетісулық делегацияның көрші өңірге жасаған 2 күндік сапарының жемісі. Екі жақты келісім-шарттар экономика, әлеумет, қоғамдық және мәдени-спорттық салаларды қамтиды. 

Аймақаралық ынтымақтастықты арттыру -Елбасының талабы. Бір-бірінен көруге, дамуға қарқын беруге шақырғаны мәлім. Қос басшы ықыласымен, саралап, барды-жоқты бағалап, тоқайласар тұстарды нақ белгілеп алыпты. Бір-бірінен үйренер тұстары барын айтады. Мәселен, Өскеменде жаз шыға «Абай Арена» атты спорт сарайы мен оқушылар сарайы салынбақ. Екі жобаға да Даниял Ахметов Талдықорғандағы 2 зәулім сарай ойтүрткі болғанын жасырмады. Өткен қазанда келгенін, көп нәрсеге таңдана көңіл бөлгенін айтты. Өзі де Өскемендегі өзгелерге таңсық дүниелерді көрсетуге тырысып бақты. Баталов риза!      

Даниял Кенжетайұлы кісіліктенбейтін тұлға. Алакөл көлін игеруде де Шығыс Қазақстанның қалыс қалып жатқанын айтты. Алматы облысының туристік кластерді дамытудағы іс-тәжірибесін зерттетіп жатқан көрінеді. Делегация қайтысымен, жұмада үлкен кеңес өткізетіндігін де жасырып қалмады. Әйтсе де, басты басымдық - экономикада өзара тиімді қатынастар орнату. Айта кетерлігі, бүгінге Алматы облысының 20 кәсіпорыны Шығыс Қазақстандық әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс жасап жатыр.   

Екі аймақтың да агроөнеркәсіп кешеніндегі көкжиегі кең. Мүмкіндіктері тең. Бірігіп, білек пен тілек тоғыстырса, Ресей мен Қытаймен халықаралық ынтымақтастықты арттыруға алғышарттары толмақ. Тиімді тұстар өзара кездесуде талқыланды. Көрші өңір кәсіпкерлерін Алматы облысындағы инвестициялық ахуал қызықтырды. Әсіресе, индустриялды аймақтар туралы хабарлама үлкен әсер қалдырды. Қытаймен шекарадағы логистикалық хабтың бүгіні мен болашағы жайын тына тыңдады. Нәтиже жаман емес. Бір күнде бірнеше меморандум жасалды.        

«Алматы облысымен «Қазцинк» арасындағы іскерлік байланысқа 20 жылдай болды. Бүгінгі меморандум игі дәстүрді жаңаша жаңғырта түсудің жарқын үлгісі. біз Қазцинк аталғанымызбен, ел бойынша ең ірі алтын өндірушіміз. Әрі 16 түрлі металл түрін шығарамыз. Соның бірін енді Алматы облысы сатып алып, өнім шығарады. және сол өнімді қайтадан өзімізге сатады. байқасаңыз, өте тиімді келісім. Жалпы, Жетісу өңірі қай салада да қарқынды дамып жатыр. Біз мәселен, аймақтың ауылшаруашылық өнімдеріне тұрақты тұтынушы болмақпыз», — дейді «Казцинк» АҚ атқарушы директоры Андрей Лазарев. 

Өскемендіктердің бетжүздік жобасының бірі – «Нұрлы жол» саябағы. Қазір әкімдік құрылуына тер төгіп жатыр. Аумағы - 6 гектарлық. 25 метрлік стелласы бар. Демалыс аймағы заманауи технолгияларды қолдана салынбақ. Балаларға керектің бәрі болады, веложүргіншілер жолын саламыз,-дейді мамандар. Жетісулық делегация қаланы абаттандыру жұмыстарымен ерекше ықыласпен танысты. Өзен жағалауын аралады. Даңқ мемориалына барды. Республика лааңындағы түрлі-түсті әнші-биші субұрқақтарды тамашалады.

Жетісулықтар да құр алақан барған жоқ. Шығыс қазақстанда Алматы облысының мәдени күндерін өткеріп қайтты. Жергілікті қылқалам шеберлерінің туындыларынан көрме жайды. Өскемендік көрермен назарына Сүйінбай атындағы филамония әртістерінің концерттік бағдаралмасын ұсынды. Ең таңдаулы әншілер, бишілер,күйшілер... Зал шапалақтан жаңғырығып жатты.

Мәдени-рухани тәжірибе алмасу аясында делегациямыз Өскемендегі этнографиялық паркті тамашалады. 150 гектар жерде орын тепкен нысанда концерт залы, ботаникалық бақ, кллассикалық музыка аллеясы, көрме павильондары, хайуанаттар бағы тб кісі қызығарлық дүниелер бар. Мамандар мұндай этнографиялық парк әзірге еш облыста жоқ, -деген пікір білдіріп жатты. Амандық Баталов аралады,қызықты. Әдеттегідей, абаттандыру, суғару, көгалдандыру жүйелеріне мән берді. Болашақ жобалар үшін пайдасы бар,-дейді... Жетісулық топ енді бір бас сұққан нысан-оңалту орталығы. Заманауи. Мамандары да озық. Естіуімізше, соңғы жылдары облыстың 700 дәрігері қайта маманданудан өткен. Біразы шетелде тәжірибе жинақтап қайтқан. 150 дәрігер биыл Отандық озық клинкаларға оқуға барғалы жатыр. Облыс делегациясы Ольга Рыпкова атындағы жеңіл атлетика орталығын да аралады. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0