пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Халықтың өмір сүру сапасы жақсаруда

Парламент депутаттары өңірлердің дамуына жете мән беріп келеді. Мемлекеттік, салалық бағдарламалардың жергілікті жерлерде орындалуын халық қалаулылары да назарда ұстап отыр. Бұл туралы таяуда өткен Батыс Қазақстан облыстық активінің жиында ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты Рашит Ахметов мәлімдеді.

18 жыл бойы Сенаттың үш шақырылымының депутаты болған экс-сенатордың айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында өңірлердің дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Осының нәтижесінде ҚР Үкіметі 2014 жылғы 28 маусымда «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» қаулысын қабылдады. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы «Қазақстан - 2050» стратегиясында көзделген мақсат-міндеттерді ескере отырып дайындалды. Жалпы бұл бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған. «Аудан-ауылдарды аралаған кезде мемлекеттің халықтың әлеуметтік жағдайын  жақсартуды мақсат тұтқан іс-шараларын ел-жұрттың түсініп, барынша соған қолдау көрсетіп жүргенін көріп қуандық,-деді Рашит Сайранұлы.-Он сегіз жыл ішінде республикамыздың көптеген облысында болдым. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы және өзгеде мемлекеттік, салалық бағдарламаларының арқасында барлық ауыл-аймақтың өркендеп, дамудың жаңа сатысына көтеріліп жатқанын көрдім. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы да бар. Бұл Елбасы тапсырмасына сәйкес Үкімет, Парламент депутаттары, облыс басшылығы, жергілікті мәслихат депутаттары бәрі бірігіп атқарған жұмыстың нәтижесі. Тіршілік бар жерде түрлі мәселе орын алатыны белгілі. Жергілікті жерлерде орын алған түрлі мәселелердің шешілуіне барынша үлесімді қосқуға тырыстым, соған қазір шүкіршілік деймін. Таяуда Сенат депутаттарының қолдауымен Есеп комитетінің мүшесі қызметіне кірістім. Енді бұл бағытта да бірлесіп жұмыс атқарамыз деп ойлаймын».

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында облыс тұрғындарын үймен, сумен қамту, ауылдық елді мекендерді тазарту, абаттандыру, дамыту бағытында атқарылған жұмыстарға және газдандыру, жол салу, өзге де әлеуметтік мәселелерді шешуге Парламент депутаттары көп үлес қосқандарын жеткізді.

«Рашит Сайранұлы Сенаттың бюджет комитетін басқарған кезде оның қолдауын айқын сезіндік. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында ауылдарға су тартуға, Киров-Шежін каналының салынуына Рашид Сайранұлының көп еңбек сіңірді. Облысымызға жасаған осындай көмегі үшін Рашид Сайранұлына батысқазақстандықтар атынан ризашылығымды білдіремін», — деді Алтай Сейдірұлы.

Р.Ахметовтың орнына ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына сайланған Орал қаласының бұрынғы әкімі Нариман Төреғалиев өңірлерді дамыту аясында облыстың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өркендеуіне өз үлесін қосатыны айтты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0