+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
14.07.2017 в 12:54

Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысының көлемі 64 пайызға артты

268 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 64%-ға артық. Тұрғын үй құрылысының көлемі бойынша облыс бүгінде Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысымен қосқанда үздік төрт көшбасшы құрамында. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

«Тұрғындардың өз күшімен салынған тұрғын үй көлемі де 74% өскендігін атап өткен жөн. Осыған қарап халықтың жалпы өмір сүру деңгейін пайымдауға болады.  Биыл  «Қызылорда-Жезқазған» трассасының бойынан тағы 150 гектар аумаққа егжей-тегжейлі жоспарланған жоба дайындалды. Бұл 1200 отбасына жеке тұрғын үй салуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті әкім.

Тұрғындарға несиелік тұрғын үйді барынша қолжетімді ету үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ несиелерін беруде алғашқы төлемді 30%-дан 15%-ға дейін төмендету жөнінде мәселе қарастырылуда.

«Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігінің мүдделерін қорғау мақсатында жаңа тұрғын үйге орналастыру уақытын созып отырмыз. Облыс әкімдігі  бұл мәселеде Үкімет тарапынан қолдау болады деп үміттенеді, өйткені, бұл жағдай өзге өңірлерге де тән. Дегенмен, аталған жағдай «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі"АҚ бақылауында қала береді», — деп атап өтті облыс әкімі.  

Айта кету керек, мемлекет қаражатының есебінен ағымдағы жылдың басынан бері 980 пәтерлік 19 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1809 пәтерлік 41 көппәтерлі үй, оның 11-і халықтың әлсіз қорғалған топтары үшін (яғни, жалгерлік тұрғын үй) пайдалануға беріледі деп жоспарланған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика