пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Биыл Қызылорда облысында 128960 бала жазғы демалыспен қамтылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаев үнемі балалар мен жасөспірімдерге «ел болашағы» деп, үлкен үміт артып келеді. Жастарға сапалы білім беру және жазғы демалыста бос уақыттарын тиімді өткізу – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Сондықтан да Қызылорда облысында жаз мезгілінде балалардың демалысын жан-жақты, пайдалы әрі қызықты етуге барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Қызылорда облысының білім беру басқармасының хабарлауынша, балалар демалысы қала сыртындағы және облыстан тыс аймақтарда орналасқан лагерьлерде; мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлері мен табиғаттағы шатырлы лагерьде; еңбек тынығу лагерлерінде; оқушылар үйлеріндегі дебаттық клубтар мен аула клубтарындағы үйірмелер және спорттық секцияларда; көркейту-көгалдандыру, құрылыс-жөндеу бригадаларына тарту; тарихи орындарға саяхат шаралары арқылы ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерге ыстық тамағымен 12071 бала, ыстық тамақсыз 26823 бала, табиғаттағы шатырлы лагерде 750 бала, еңбек отрядтары мен құрылыс жөндеу бригадаларына 7955 бала, көркейту-көгалдандыруға 9504 бала, орман шаруашылығына 340 бала, клубтар мен үйірмелерге 15405 бала,аула клубтарына 8175 бала, үш күндік экскурсияларға 4477 бала, басқа облыстарға, республикаларға туристік жорықтарға 12804 бала, археологиялық экспедицияларға 1190 бала, тілдік лагерлерге 5816 бала, жұмыспен қамтуға 50 бала, республикалық, халықаралық спорттық жарысқа 376 бала,оқушылар үйіндегі дебаттық лагерге 396 бала, «Жасұлан», «Жасқыран» ұйымына 876 бала қамтылады. Осылайша, Сыр өңірінде 128 960 оқушы жазғы демалысымен қамтамасыз етілмек.

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында атап өткендей, «Біздің басты күшіміз – бірлікте. Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!». Ал өсіп келе жатқан ұрпақтың болағашын қазірден бастап ойлау керек.               

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0