четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Ассамблея Жетісу ақындарының басын қосты

Ағымдағы жылдың 4 шілдесі күні облыстық Достық Үйінде Астана күніне арналған «Астана – бейбітшілік бесігі!» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш аясында 18-45 жас аралығындағы жетісулық ақындардың қатысуымен арнайы жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Іс-шараның мақсаты: Еліміздің астанасы – Астана қаласының бүгінгі келбеті мен жеткен жетістігін дәріптеу және осы тұрғыда Елбасының ерен еңбегін бағалай отырып, елдік құндылықтарымызды шығармашылық насихаттау, -өңірде тұратын, қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілдерінің белсенділігін арттыру, -мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейте отырып, өзге этностардың да тілін дамытуға үлес қосу.

Жетісулық ақындар бас қосқан әдеби сазды кешті Астана күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырды. Кештің негізгі арқауы болған «Астана-бейбітшілік бесігі» атты мүшәйра, үш номинация бойынша өтті. 1. «Астана» 2. «ЭКСПО-2017» 3. «Ұлы Дала перзентімін!». Мүшайраға жалпы саны 30-ға жуық өлең келіп түскен. Оның 15-і үздік деп танылып, Астана күніне арналған кеште оқылды.

Іс-шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай ашты. Алматы облысының құрметті азаматы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің мүшесі С.Гаитова өзінің құттықтау тілегін жолдап, өлеңін оқыды.

Кеш соңында мүшәйраның қорытындысы бойынша, «Астана» номинациясынан «Жетісу» газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек, «ЭКСПО-2017» номинациясы бойынша Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның редакторы, ақын  Жангелді Немеребай, «Ұлы дала перзентімін» аталымы бойынша Ескелді аудандық «Жетісу шұғыласы» газетінің тілшісі Мағрипа Сандуғаштың өлеңдері үздік деп танылды. Және 5 ақынның жұмысы арнайы сыйлыққа ие болды. «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев жеңімпаздарды құттықтап диплом табыстады. Сондай-ақ, байқауға қатысқан ақындардың өлеңдері жинақталған кітап шығарылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0