четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Жаңа өңірлік саясат смарт-технологиямен байланысты

Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай, сандық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге мән беру керек. Ал Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында жаңа өңірлік саясатта «жасыл экономиканы», смарт-технологияларын қолдануға айырықша назар аударылатыны жазылған.

Батыс Қазақстан облысы республикада алдыңғылардың бірі болып осынау міндеттерді жүзеге асыруға кірісті. Нақтылап айтқанда, өңірдің денсаулық сақтау саласында сандық қызмет көрсету ойдағыдай жүруде. Қазір оралдықтарға емдеу мекемелерінде электронды кешенді қызмет көрсетілуде.  Ендігі кезекте мұндай жүйе білім, онлайн сауда ісі сияқты салаларды қолға алынбақшы. Білім беру саласында сандық қызметтерді енгізу бойынша электронды оқыту ресурстары көмегімен алыс елді мекендерде орналасқан мектептердің оқушылары физика, химия, биология, математика сияқты пәндер бойынша сандық лабораториялармен жұмыс істемекші. Биыл облыстағы 200 мектепте осы жаңа инновациялық жүйе іске қосылады.

Орал қаласында «Smart City - Ақылды қала» атты жаңа кешенді жоба жасақталуда. Жобаның басты мақсаты – тұрғындар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен жол ережелерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау. Инвесторлармен бірлесіп қолға алынып жатқан жұмыс инновациялық технологияларды пайдалануға, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға жағдай жасайды және басқа әр түрлі салада экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Одан бөлек биылғы суәуір айында «Smart City Uralsk» атты І халықаралық форумы ұйымдастырылды. Оған алыс және жақын шетелдердік компания өкілдері келіп қатысты.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында тиісті салаларға байланысты әлем елдері қалаларындағы жағдай үлгі ретінде мысалға келтірілген. Мамандар «Ақылды қалаларда» әлеуметтік-экономикалық жағынан тиімділік көп екенін айтады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл жүйе арқылы біріншіден, энергия ресурстары үнемделеді. Мәселен, жылуды пайдалану 30, көшелерді жарықтандыру үшін электр қуатын тұтыну 60, қалалық коммуналдық желілерге қызмет көрсету шығыны 30 пайызға дейін төмендейді. Екіншіден, қоғамдық қауіпсіздік артады. Мысалы, болжамды талдау құрылғыларының іске қосудың арқасында АҚШ-тың Мемфисе қаласында ауыр қылмыстар 30 пайызға төмендесе, Лондонда қылмысты ашу 50 пайызға артқан. Үшіншіден, жол апатын төмендетеді. Италияда мұндай жағдай 20 пайызға кеміп, адам өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғалары екі есе қысқарған. Сондай-ақ бұл еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға әрі шағын және орта бизнес субъектілері санының өсуіне мүмкіндік береді.

«Бүгінде Орал қаласы қарқынды дамып келеді. Құрылыс, сервистік инфрақұрылым салу белсенді жүруде. Сол себепті «ақылды қалалардағы» шығыны аз технологияларды пайдалануға біз де біртіндеп көшуіміз керек. Әзірге біз өзімізге төрт бағытты айқындадық. Оның біріншісі, «Қауіпсіз қала» деп аталады. Онда қаланың маңызды бөліктеріне, аулаларға, әлеуметтік сала нысандарына, автожолдарға бейнекамералар орнатамыз. «Сергек» компаниясымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында 200, қала бюджеті есебінен тағы да 100 бейнекамера қойылады. Екіншісі, «2 GIS» жобасы смартфон мен планшеттегі қосымшалар арқылы оралдықтар мен қала қонақтарына қоғамдық көліктің жұмысын бақылауға және керек мекенжайларды табуға жәрдемдеседі. Үшіншісі, шаһар көшелері мен аулаларын заманауи жарықтандыру. Яғни ендігі уақытта электр қуатын аз пайдаланатын, есесінен жарықтандыруы күшті жаңа шамдар орнатылады. Төртінші, «электронды кезек». Қалалық жылу мекемесін модернизациялау жобасын қаржыландыру бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкімен келіссөздер жүргізудеміз. Алдағы уақытта ПИК жұмысын да жаңғырту ойда бар», — деген болатын форумында баяндама жасаған облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0