пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Маңғыстауда «Жасыл көпір» бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге аспақ

«Жасыл көпір» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінде ақпараттық тур ұйымдастырған болатын, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Аталмыш шара қатысушылар «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламасының құралдарымен, ҚР «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасымен сондай-ақ, елімізде іске асқан технологиялармен танысты.

«Елімізде жасыл экономика орталықтары құрылған. Біршама мамандар олар қалай жұмыс істейді, тиімділігі қандай деген секілді сұрақтарға жауап алып, технологиялардың арнайы реесторларымен танысты. Негізгі тыңдаушылар – әкімшілік өкілдері, бизнес және қоғамдық ұйым өкілдері. Бұған дейінгі сараптамамыз бойынша байқағанымыз, көп жағдайда ақпарат аймақтарға жете қоймайды. Осы арқылы біз жасыл экономиканың негізгі перспективаларын көрсетіп, оны үйде, тұрмыста, жұмыста, әлеуметтік мекемелерде қолданылуын таныстырамыз. Себебі оның тиімділігі өте жоғары. Қарапайым мысал, көптеген ауылды аймақтарда орталықтандырылған жылу болмағандықтан, көпшілігі суды электр жылытқыштармен жылытады. Ал егер күн коллекторларын қоятын болсақ, токқа тәуелсіз, біріншіден энергияны үнемдейді, екіншіден, тұрмыс жағдайын жақсартады, — дейді  ҚР энергия тиімділігі және ресурсты өңдеу қоғамдық палатасының басшысы Елдос Абақанов.

Көпшілік тарапынан айтылған технологияның бағасы, қайдан алуға болатыны жөнінде сұрақтар жиі қойылады екен. Палата басшысының бұған да жауабы әзір.

«Елімізде осы технологияларды шығаратын біршама кәсіпкерлер бар. Мысалы, Астана қаласында күн коллекторлары, Алматыда жел генераторлары шығарылады. Яғни, технологияның қолжетімді  екенін айтқым келеді. Және іске асырылған жобалардың аясында олардың тиімділігін де көріп отырмыз», — дейді ол.

Ақпараттық турды еліміздің 6 аймағы бойынша өткізу жоспарланған. Бұған дейін  Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Көкшетау қаласында өткен тур бүгін Маңғыстауда да ұйымдастырылды. Алдағы уақытта Өскемен, Ақтөбе өңірлерінде жалғасын таппақ. Жасыл экономикаға көшудің негізгі 7 бағыты бар. Әр бағыт әртүрлі саланы қамтиды. Су, жасыл баламалы энергетиканы дамыту т.б.

Палатаның соңғы жұмыстарының бірі – арнайы эксперттік топтар құрып, Экспо-2017 көрмесіндегі барлық технологияларды сараптап, Қазақстанға енгізуге болатын-болмайтынын анықтау.

«Жоба БҰҰ-ның бірлескен жобасы. Ол бірнеше бағытта жұмыс істеп жатыр. Біріншісі, мектеп аясына жылыжай қою. Оған тамшылату, суару технологиясы пайдаланылды және мектептің ішкі-сыртқы жарықтандыруын өзгертіп, үнемдейтін түрлері қойылды. Екінші, Бейнеу ауданында пластикалық бөтелкелерге екінші сараптама жұмыстарын өткізіп, қайтадан шикізат жасау жұмыстары. Мұның барлығы «Жасыл  жобалар» аясына кіреді. Сондай-ақ, осы бағытта ауыл шаруашылықтармен жұмыс істеу. Мысалы, Қарақия, Маңғыстау аудандарында өз тарапымыздан фермерлерге жердің астынан суды тартып шығаруға көмек субсидия ретінде беріліп отыр. Жергілікті басқару бойынша, әрбір жобаға 10 миллионнан астам қаржы бөлінді. Және де қазіргі таңда бізде индустриалды палата мен ЭКО Маңғыстау ҮЕМ арқылы 30 жоба өтті. Оның ішінде 50 пайызы туристік жолдарды және жасыл жобаларды дамыту, сондай-ақ, ауыл шаруашылықты дамыту бағыттарында жүзеге асырылып жатыр», — дейді БҰҰ-ның даму бағдарламасының Маңғыстау облысы бойынша жоба менеджері Әсима Сұлтанқызы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0