четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Қызылордада үздік кикбоксшылар анықталды

Қызылордада Қазақстан бапкерлерін еске алуға арналған  кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасында республикалық мықтылар турнирі аяқталды, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Жарыстың салтанатты ашылуында ҚР кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 12 команда, 65 мықты кикбоксшылар қатысып, үздіктер анықталды.

Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған жарыс кикбоксингтің фулл-контакт және К-1 бөлімдері бойынша өтті.

Төрешілердің кеңесі бойынша 4 номинация иегерлері белгіленді. «Жеңіске деген жігері үшін» ― Азамат Досымбай (Астана қ.), «Үздік техника көрсеткені үшін» - Ғалымжан Қанаев (ОҚО) , «Үздік қапталдағы төреші» ― Ерік Ануаров(ШҚО), «Үздік рефери» - Александр Вакарев (Қарағанды) марапатталды.

Кикбоксингтен ҚР бас жаттықтырушысы Қайрат Смағұловтың айтуы бойынша, спортшыларқыркүйек айында Ашхабадта болатын Азия ойындарына және  қараша айында Венгрияның Будапешт қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындалады.

Фулл-контакт бөлімі бойынша жарыс жеңімпаздарыны: 51 келі: Талғат Букбасаров (Қостанай), 54 келі: Хусаин Ахмеджанов (ОҚО), 57 келі: Дияр Қожақов (Қостанай), 60 келі: Санжар Тойғамбеков (Қарағанды), 63.5 келі: Дидар Төлебаев (Қостанай), 67 келі: Нұрсұлтан Хасанов (Павлодар), 71 келі: Мади Тоқтаров (Қостанай), 75 келі: Бауыржан Абдуллаев (Жамбыл), 81 келі: Ғалымжан Қанаев (ОҚО), 86 келі: Роман Шлыков (ОҚО)

К-1 бөлімі бойынша, қыздар арасында 51 келі:Стелла Ценбалета (ОҚО),
60 келі: Шара Хамзина (Павлодар) жеңіске жетті.

Фулл-контакт бөлімі бойынша қыздар арасында 48 келі: Ақтолқын Бижан (Қызылорда), 56 келі: Ақерке Наурызбаева (Жамбыл), 60 келі: Анжелика Дударь (ШҚО), 63.5 келі: Екатерина Братухина (Қарағанды).

К-1 бөлімі бойынша 54 келі: Михаил Иванченко (ШҚО), 63.5 келі: Алдияр Орынбай (Жамбыл), 67 келі: Қанағат Нұрғалиев (ШҚО), 71 келі:Берік Қалықов (ШҚО), 81 келі: Михаил Татьков (Қарағанды), 86 келі:Заир Нұғманов (Астана қ.), +91 келі: Айдын Абдрахманов (Алматы обл.)

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0