Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Ұлы дала кілемдері» атты бескүндік кілемдер жәрмеңкесі өткен болатын, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Көрмені тамашалауға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және облысымызға арнайы жұмыс сапарымен келген Иран Ислам Республикасының Хорасан Разави провинциясының губернаторы бастаған делегация келді.
Көрменің ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы Елбасының бастамасымен құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылғанын атап өтті.
«Республикадағы ірі кілем зауыты тоқыма саласына қосар үлесі мол. Бүгінде фабрика айрықша ою-өрнектермен әрленген, отандық кілемнің 2000-нан астам түрлерін облыс тұрғындарына ұсынуда. Жобаның серіктесі - әлемдегі ең ірі 5 кілем өндірушілердің бірі болып табылатын және әлемдік нарықта 20 жылдан астам тәжірибесі бар «Kartal Hali» (Түркия) компаниясы», — деді әкім.
Шымкентте екінші рет ұйымдастырылып отырған көрмені еліміздегі ірі кілем шығарушы «Бал Текстиль» фабрикасы ұйымдастырды. Жәрмеңкеде қонақтардың назарына 1 мыңнан астам кілемдер мен оның түрлері ұсынылуда. Шара аясында арзандатылған бағада кілем түрлерін сатып алуға болады.
Айта кетейік, өндірістік қуаты жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы фабрика іске қосылған 2013 жылдан бері 9 млн шаршы метрге жуық кілем тоқыса, осы аралықта 6 млн. келі болатын пропилен жібін иірген.
-
«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах05.02.2023, 16:01Федор Емельяненко нокаутом проиграл чемпионский бой и завершил карьеру05.02.2023, 11:31«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты05.02.2023, 16:30Полиция Астаны прокомментировала массовую драку футболистов из России и Кыргызстана05.02.2023, 01:3218-летняя канадка выиграла в лотерею 36 млн долларов США на День рождения05.02.2023, 11:00Прогноз погоды в Казахстане на 5 февраля05.02.2023, 06:00
-
11:05Кызылординец знакомился с девушками и выводил через них деньги10:51Салафит прилюдно обмазал бывшую жену зеленкой и фекалиями10:37Большую часть Казахстана может затопить талыми водами10:23Коронавирус в Казахстане отступает10:09В Казахстане стартовало льготное автокредитование09:55Пенсионерка из Кокшетау лишилась депозита после телефонного звонка09:41Казахстанский тиктокер покоряет мир09:27«Дочка» Миннауки срывала учебный процесс в языковой школе09:13Почем продают доллар в казахстанских обменниках после выходных08:55В Турции от мощного землетрясения разрушились дома08:10Случаи бешенства выявлены у животных в Павлодарской области07:20Сборная Казахстана не смогла выйти в финальную часть Кубка Дэвиса06:40В четырех регионах Казахстана ожидаются подтопления06:00Прогноз погоды на 6 февраля05:00Представившийся полковником полиции мужчина «кинул» пивбар в Астане