среда, 27 ноября 2024 г.
icon
498.55
icon
524.28
icon
4.75
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-4oC
×

Батыс Қазақстан облысында дәстүрлі емес діни бағытқа бет бұру азайды

«2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның» арқасында радикалды көзқарастар өзгеруде, деп хабарлайды NewTimes.kz.

БҚО дін істері басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, халықтың, соның ішінде жастардың діни сауаты көтерілген. Сәйкесінше ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасы да жыл сайын артып келеді.

Қазіргі таңда облыстың әр ауданында дін мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйым, деструктивтік ағымдағылардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы, жастар ресурстар орталығы бар және аудандарда теолог мамандар жүйелі қызмет етуде. Биыл үкіметтік емес ұйымдармен іске асырылатын жобаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жергілікті бюджеттен 47 млн. теңге бөлінді. Бұл аталмыш бағыттағы жұмыстарды ширатуға өз септігін тигізуде. Осы жоба аясында еліміздің өзге өңірлерінен беделді теологтар шақырылып, өңірдегі мамандардың да сауаты көтерілуде.

БҚО дін істері басқармасы зайырлы және деструктивті бағыттағы топтармен және азаматтармен де жұмыс істейді. Зайырлы топпен кез келген маман немесе ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі жұмыс жүргізе алатыны айқын. Ал деструктивті топтармен діни ортаға үгіт-насихат жасай алатын, діни сауаты бар мамандар жұмыс істеуі қажет. Ал ондай мамандарға өңірде сұраныс жоғары. Сондықтан облысқа дінтанушы мамандарды тарту жұмысы ерекше назарға алынып отыр.

Өткен жылдың ақпанында аталмыш басқарма мен "Нұр-Мүбәрак" Египет ислам мәдениеті университеті арасындағы конфессияаралық қатынастар және өзара ынтымақтастықты арттыру туралы меморандумға қол қойылды. Соған орай алдыңғы жылы дін істері басқармасының  және ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігінің қызметкерлері жүргізген кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижесінде өңірден 25 азамат аталмыш оқу орнына құжаттарын тапсырды. Олардың 11-і мемлекеттік грантқа ие болса, ал 2 талапкер облыс әкімдігінің қолдауымен ақылы оқуға түсті. Осы жерде айта кету керек, бұл университеттің 3-курсында оқып жатқан ерлі-зайыптылар да облыс әкімдігінің грантымен білім алуда. Сонымен қатар, өткен жылы РФ Қазан университетінің теология факультетіне грант бойынша түскен ерлі-зайыпты Азамат Төлепов пен Динара Мұхамбетова 2018 жылы оқуын тәмәмдап, елге оралады. Осылайша алдағы уақытта облысымыз орыс тілді теолог мамандармен толығады. Ал биылғы жылы мемлекеттік грантқа түскендердің төртеуі имамдар.

Зерттеулер мен талдау жұмыстары көрсеткендей, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары негізгі пәрменді әдіс-тәсіл болып табылады дейді мамандар. Сондықтан бұл бағыттағы басты мақсат – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы қоғамда терроризм идеяларына қарсы иммунитетті, тағатты діни сананы қалыптастыру және тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық және дәстүрлі діни құндылықтарымызды жастардың санасына сіңіру.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында аталмыш басқармамен облыс тұрғындарының әр түрлі санаттарын қамтитын бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылған. Оңалту ісі бойынша да біраз іс-шаралар атқарылды. Яғни  басқарманың, дін мәселелерін зерттеу орталығының, ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігінің теолог мамандары құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті әкімдік арқылы теріс ағымдағы жамағатпен, соның ішінде әйел жамағатымен, түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен арнайы жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде діни экстремистік бағыт бойынша сотталған көп азаматтың радикалды көзқарастары өзгерген. Сотталған азаматтармен де ұлттық патриотизм және тарих туралы  түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0