Жәрмеңке «Агрофест» ауыл шаруашылығы фестивалі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Биыл, Оңтүстік дәнді-дақылдарды жинау науқанының сәтті аяқтады. Тынымсыз еңбектің арқасында бидай мен арпаның әр гектарына 18 центнерден өнім алып, қамбаны 400 мың тоннаға жуық астықпен толтырды. Сондай-ақ, 116 мың тонна жеміс-жидек, 919 мың тонна көкөніс, 1,3 млн тонна бақша дақылдарын жинады. Бағбандар тамшылатып суару әдісін 7500 гектарға ендіріп, жалпы көлемін 58 мың гектарға жеткізді. Бұл республикалық үлестің 72 пайызын құрады. Бұл туралы, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауылшаруашылық саласының мамандарына алғыс айта, мәлімдеді.
Өңірде тұңғыш рет өткізілген «Агрофест» фестивалі аясында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шараға облыстың 15 аудан — қаласы өз өнімдерін ұсынып, нарықтағы бағадан 30 пайызға төмендете сатты. Қазығұрт ауданы жәрмеңкеге 5 тонна ет өнімдері мен 1 тонна жеміс – жидек әкелді.
Қала тұрғындары таңертеңнен жәрмеңкеге жетуге асықты. Себебі, мұндағы баға қалтаға қонымды. Мәселен, қой еті 900 теңгеден сатылса, картоп 55 теңгеге дейін төмендетілді. Ауқымды шара аясында дәстүрлі әндер шырқалып, ұлттық ойындар ел назарына ұсынылды.
-
«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах05.02.2023, 16:01Федор Емельяненко нокаутом проиграл чемпионский бой и завершил карьеру05.02.2023, 11:31Полиция Астаны прокомментировала массовую драку футболистов из России и Кыргызстана05.02.2023, 01:3218-летняя канадка выиграла в лотерею 36 млн долларов США на День рождения05.02.2023, 11:00Прогноз погоды в Казахстане на 5 февраля05.02.2023, 06:00«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты05.02.2023, 16:30
- Смотреть все