вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
6oC
Астана:
icon
-1oC
×

Шымкентте кезекті қайырымдылық жәрмеңкесі өтуде

Шымкентте «Жомарт жүрек» атты қайырымдылық акциясы өтті ұйымдастырылды. Игі шарадан түскен қаржы туа біткен сал дертіне шалдыққан азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың еміне жұмсалмақ.

Жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен өткен шараға күнгейдің қолзнершілері де атсалысты.

Туылғаннан сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдауға арналған жәрмеңкеге келіп, өз үлестерін қосып жатқан тұрғындар қарасы көп мұнда. Қайырымдылық акциясында еріктілер қолымен дайындалған тағамдар, қолөнер бұйымдары, қазақ ұлттық киімдері сатылымға шығарылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жолы игі шара алғаш рет жаңа форматта ауқымды жоба ретінде өткізілді.

«Дәл бүгінгідей жәрмеңкені ауқымды қылып,бүгін ұйымдастырып отырмыз. Осыған дейін форматы өзгеше қайырымдылық акция өткізетінбіз. Адамдар пайдаланбайтын киімдерін әкеліп, сатылымға қояды. Келушілер жәрмеңкеде ұнаған затты сатып алып, өз көмегін береді. Жиналған қаржының барі материалдық көмекке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандар мен сал дертімен ауыратын жастарға берілмек», — дейді «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Абзалбек Убельтаев.

Қайырымдылық шараға Оңтүстіктің кәсіпкерлері мен қолөнершілері де ат салысты. Танымал шебер Болатбек Бейісбеков жәрмеңкеге тоқыма жіптен жасалған қолөнер туындыларын әкелген. Айтуынша, күнгейдің қолөнершілері сауапты іс жасап қана қоймай, олардың жұмысына қызыққан жастарды арнайы оқыту курсынан өтуге шақыруда.

«Қолөнер шеберлері өз үлесін қосуға шықты. Бұл жерде біздің шеберлеріміз ата бабамыздың 4 түлік малды толық игерген терімен жұмыс істеу, жүнмен жұмыс істеу, барлық түрінен алып шықты. Бұл жерге келгенімізге көп болмады, бірақ соның өзіне көптеген студентер келіп, оқысақ, — дейді қолөнерші Болатбек Бейісбеков.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0