пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Оралда 54 тынымбақ бар

Мемлекет басшысы қала мен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде жергілікті атқарушы билікке тапсырма берген болатын, деп хабарлайды NewTimes.kz. Елбасының бұл тапсырмасы Батыс Қазақстан облысында да тиісті талапқа сай жүзеге асуда. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында өңір жаңа кейіпке енуде.

Тұңғыш Президент күнінде аталмыш бағдарлама аясында құрылысы жүргізілген Орал қаласында тағы бір тынымбақ пайдануға берілді. Айта кетейік, бұрын шаһардың №4 және №6 шағын аудандары арасы көште қалғандай кейіпте еді. Яғни инфрақұрылым желілерінің қажуынан, айналасындағы тұрмыстық қалдықтан көзге сүреңсіз көрінетінді.

«Негізі екі арылық таяқ тастам жер. Бірақ жолы нашар болғасын көпшіліктің жүруіне қиын еді. Әсіресе егде, мүмкіндігі шектеулі адамдар, оқушылар қиналатын. Әке-шешем 6-шағын ауданда тұрғасын ол жаққа қарай жиі барамын. Тезірек жөнделсе екен деп тілеп жүргем. Сол тілегім орындалды. Қазір бұл жер адам танымастай өзгергеніне қуаныштымын. Екі аралықтың ортасына тынымбақ салынып, жаяу жүргіншілер жолы төселді. Енді біз кешке, демалыс күндері отбасымызбен шығып, демалып, ата-анамызбен бірге серуендейтін боламыз», — дейді 4-шағын ауданның тұрғыны Дәурен Бекқайыров.

Сөйтіп Орал қаласындағы тынымбақ саны 54-ке жетті. Орал қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Бауыржан Тухватовтың сөзіне қарағанда, жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метрді құрайтын екі аралықтағы жаяу жүргіншілер жолына 3,5 мың шаршы метр өрнектас пен 1,5 мың шаршы метр асфальтбетон жабындысы пайдаланылған. Саябаққа 80 көше шамы орнатылып, 100-ден аса шырша отырғызылды. Нысанның жалпы құны 111 млн.теңгені құрайды.

«Келесі жылы облыс орталығында тағы да 5 тынымбақ салынып, шаһардың өзге аудандары абаттандырылады. Қазір бұл нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Сонымен қатар, бір нысан мемлекеттік сараптамадан өтті. Бұл – Құрылысшы шағынауданы маңындағы жасыл тынымбақ», — деді нысанның ашылу салтанатында Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0