вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

«Бастау» - жастардың сенімді серігі

Бұрын оралдық жастардың бас қосып, өзара пікір алмасатын орны жоқ еді. Бүгінде бұл олқылықтың орны толды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

«Бастау» деп аталатын коворкинг орталық былтыр ашылды. Бұл орталық фриланс режимінде жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Орталықтың әкімшісі Нұрбектің Жүнісовтің айтуынша,  дизайнерлердің, жеке кәсіпкерлердің, басқа да веб, IT қызметкерлерінің топтық жұмыс істеуі үшін ыңғайластырылған фриланс жүйесі көпшіліктің көңілінен шығуда. Сондай-ақ мұнда жеке жұмыс алаңы, дәріс, еркін аймақтар бар. Коворкинг орталығына келген әрбір жас интернет желісін, өзге де қажетті заттарды тегін пайдалана алады. Тұрақты түрде шеберлік сағаттары, семинарлар, тұсаукесер шаралары, білім беру сабақтары, түрлі кездесулер өтуде. Жастардың кітап оқуына,  дойбы, шахмат ойнауына,  домбыра тартуына да жағдай жасалған.

М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың 2-курс студенті Арман Ғабдықұлы - коворкинг орталығы ашылғаннан бері бос уақытын тиімді өткізіп жүрген жастың бірі. Ол мұнда түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген жастармен кездесіп, олардан жетістікке жету жолдарын үйреніп жүр. Оған облыс әкімі Алтай Көлгіновпен, белгілі журналист Берік Уәлимен болған кездесулер ұнаған. Сондай-ақ өз тәжірибелерімен  бөліскен «Фреш» журналының редакторы Аида Боранқұлованың, «07 аймақ» әнінің орындаушысы  Алина Герцтың, фристайлшы Айболат Құбашевтың айтқан сөздерінен әсер алған.

Бұл жерде тегін ағылшын тілін де үйренуге болады. Шет тілінен сабақ беретін оқытушы Айнамгүл Еслямованың сөзіне қарағанда, мұнда ағылшын курсы аптасына бес күн қатарынан жүргізіледі. Оған оқушылар, студенттер қатысуда. Қазіргі таңда курс бастапқы және жалғастырушы деңгейлер бойынша жүріп жатыр. Бастапқы топта 17, жалғастырушы топта 18 жас білім нәрімен сусындауда.

Бүгінгі таңда осындай орталықтар аудандарда да ашылуда.

Ернар ХАЙДАР,

Орал қаласы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0