среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Шымкентте Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтті

Екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында ұйымдастырылған форум барысында алдымен іскерлік кеңестің бірінші кездесуі болып өтті.

Форум жұмысына Қазақстан мен Өзбекстанның елшілері Ерік Өтембаев пен Саидикрам Ниязходжаев, Қазақстанның инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Өзбекстанның сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Саифназаров, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Өзбекстандағы сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен қос елдің 400-ден астам кәсіпкері қатысты.

Іскерлік жиында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев бүгінгі басқосу бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретінінін атап өтті.

«Қазақстан мен Өзбекстан – өздерінің тәуелсіздіктерін нығайтып, болашаққа батыл қадам жасап келе жатқан мемлекеттер. Өткен жылдарда қос тараптың дипломатиялық қатынастары өзара сенімге негізделе отырып дамыды. Бұл бағыттағы жұмыстар бүгінде жаңаша қарқын алып, уақыт талабына сай жалғасын табуда. Өзбекстан Республикасы Орталық Азиядағы Қазақстанның негізгі стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылады. Мәселен, өткен жылы екі жақты сауданың көлемі 30 пайызға артып, 2 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал екі елдің көшбасшылары биылғы сауда айналымын 3 миллиард долларға арттыруды, 2020 жылға қарай 5 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайтуды тапсырды. Сондықтан қазіргі таңда екі елдің кәсіпкерлеріне нақты қолдау көрсету маңызды. Бұл іс-шара осы айтылған міндеттемелерді жүзеге асыруда септігін тигізері анық. Бұл өзара ынтымақтастыққа және екі ел арасындағы берік бауырластық қатынастарды орнатуға бағытталған тағы бір қадам», — деді облыс әкімі.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен форум барысында тараптар бірлескен бизнес жобалар мен инвестициялық ұсыныстар жайында ынтымақтастықты дамытуды сөз етіп, экспорт пен импорт бойынша үшінші елдерге кіру жайын талқылады. Форумның басты идеяларының бірі өнімдерді ең ірі әлемдік нарықта, соның ішінде Қытай мен ЕЭО-да бірлесіп шығару және жылжыту болып табылатынын айтқан ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров аймақтық ынтымақтастық форумын тұрақты негізде өткізу туралы ұсынысын жеткізді. Ал аталған ұсынысты Өзбекстан тарапы бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ, бизнес-форум кезінде екі ел кәсіпкерлерініӊ қатысуымен келіссөздер жүріп, бірқатар бағытта іскерлік әріптестікті дамыту мақсатында екі жақты құжаттарға қойылды. Қатысушылар өзара іс-әрекеттер жақын болашақта өз нәтижесін береріне сенім білдірді. Форумға қатысушылар отандық тауар өндірушілер ұсынған өнімдер көрмесін де тамашалады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0