пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

«100 жаңа оқулық»: Атыраулықтар өздерінің білім көкжиегін кеңейтуде

Ел болашағы жастардың білім алуына, алдыңғықатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында тізбектеліп айтылған. Сондықтан Мемлекет басшысы «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қол алуды тапсырды. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады. Бағдарламаның ұтымды тұстарын атыраулықтар да құптап отыр.

Осы мақсатта 8 маусым күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Әлемдік үздік психологиялық шығармалар – бәсекеге қабілетті психолог мамандарын дайындаудың қайнар көзі» атты облыстық конференция болып өтті. 

Конференция – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шығарылған психология ғылымы бойынша аударылған кітаптарды оқырмандар арасында талқылауға бағытталған еді.

Аталмыш шараға облыстық білім беру мекемелерінің педагог-психолог қызметкерлері мен қатар өндірістік мекеме психологтары, университеттің профессор-оқытушылары, магистранттар қатысты. 

Келген мамандар қатысушыларға жалпы оқулық туралы оның ерекшеліктері мен құндылығы қоғамның қарқынды дамуына, әртүрлі топтағы жеке тұлғаның рөлі мен орнын түсіндіруге тырысты.

Конференция жұмысын психология және арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Шұғаева Гүлшат Қоңыратқызы жүргізді.

Шара қатысушылардың айтуы бойынша, 100 жаңа оқулықтың қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі ерекше. «Әдемдік экономикалық үндестікке білім арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Білім мен ғылым оқулық арқылы келеді. Сол оқулық арқылы санамызды жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті маман дайындай аламыз. Экономикамыз дамыса, рухани көкжиегіміз кеңейеді. Жағдайымыз да жақсарады».

«Әлемдік тұрғыдан алсақ, қазақ тіліне аударылуы қажет оқулықтар саны 100-ден әлдеқайда көп екені түсінікті. Елбасымыз жақсы бастама көтеріп, халықтың назарын аударда білді, ғылыми қауымдастыққа бағыт-бағдар берді. Енді осы игі бастамаға бүкіл ел болып қолдау жасап, ары қарай дамыта білуіміз қажет. Кезінде «Зерде» қоғамдық қорының қолдауымен отандық ғалымдар философия, саясаттану, мәдениаттану салалары ­бойынша бірқатар шетелдік классикалық еңбектерді қазақ тіліне аударып, баспадан шығарды. Оларды оқырман қауым әлі күнге дейін пайдаланып жүр. Осы ретте еліміздегі ірі кәсіпкерлер ұлтжандылық танытып, Елбасы жобасына қолдау көрсетіп «Қазақ тіліндегі 1000 жаңа оқулық» жобасына неге айналдырмасқа? Олай болып жатса, әрине, нұр үсіне нұр болар еді», — дейді мамандар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0