пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Жас мамандар ауылға барады

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан аудан-ауылдағы ветстанцияларды,   ветеринариялық  пунктерді ғимаратпен, қажет құрал-жабдықпен, көлікпен  қамтамасыз  ету бағытында біраз жұмыс атқарылды. «Ди­пломмен — ауылға» бағдарламасына мал дәрігері мамандығы да енді. Мұның бәрі ветеринария саласындағы жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге ынтасын арттыратыны сөзсіз, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Таяуда ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекциясында өткен «Ашық есік» күнінде Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың ветеринариялық медецина және биотехнология факультетінің түлегі Анар Себепова осылай деді.

Аталмыш университет түлектеріне арнап өткізілген шарада аумақтық инспекцияның басшысы Темірхан Қонақбаев, республикалық эпизоотияға қарсы отрядының БҚО филиалы директоры Асылжан Хайретдинов, ветеринария ғылымының докторы, профессор Ғайса Абсатиров және тағы басқа да ауыл шаруашылығы саласының өкілдері жас мамандарға бұл кәсіптің қыр-сырына байланысты өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Бұрындары мал дәрігері мамандығына оқып жатқан студенттер үшін тәжірибеден өтетін мекемелерін табу оңай болатын. Ал қазір қиындау. Себебі ауыл шаруашылығы нысандарының көбі жекенің қолында. Мәселен, мал сою пункттерінің өзі жеке кәсіпкерлік нысандарына жатады. Олардың бәрі бірдей студенттермен жұмыс істеуді жөн көрмейді. Ал бұл айналып келгенде болашақ мал дәрігерлерінің біліктілігінің төмен болуына әкеліп соғады. Сондықтан уәкілетті мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті атқарушы билік осы мәселелерді шешуге көмекстессе, нұр үстіне нұр», — дейді БҚАТУ-дың ветеринариялық медецина және биотехнология факультетінің деканы Біржан Нұрғалиев.

Ернар ХАЙДАР,

Батыс Қазақстан облысы

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0