пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Шымкентте кәсіпкерлер саны артуына орай жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

 

 

Шымкентте жыл сайын жұмыссыздық көрсеткіші төмендеп келеді. Бұған қаладағы кәсіпкерлер мен кәсіпорындар санының артуы себеп болып отыр. Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс іздеушілерді қолдау секторының маманы Жомарт Тәженов осылай дейді.

Оның айтуынша, шағын кәсіппен айналысатындар жұмысшыларына қиналмай жалақы төлей алу үшін, мемлекет тарапынан оларға қаржылай қолдау көрсетіліп келеді екен.

– Елімізде жұмыссыздардың санын азайту мақсатында ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысына сәйкес, «Еңбек» «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында әлеуметтік жұмыс орны құрылды. Онда жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші мекеме халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаласып, жалақылары мемлекеттен субсидияланады. Жұмыспен қамтудың бұл түрі тұрақты жұмыс болып табылмайтындықтан, келісім-шарт 12 айға жасалады. Мемлекеттің көмегі ретінде әлеуметтік жұмыс орнына орталық арқылы жолданған азаматтардың жалақысының 35 пайызы бір жыл бойы субсидия ретінде беріліп отырады. Сонда төленетін қаражат өңірдегі белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды, – дейді Жомарт Тәженов.

Сектор маманы кәсіпорын немесе ұйымдарға жолданғандар ауыр, қауіпті және зиянды жұмыстарға жіберілмейтінін айтады. Аталған бағдарламаға қатысу үшін азаматтардың алдымен халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу қажет екенін атап өтті. Сосын 10 жұмыс күні ішінде орталық мамандары бос жұмыс орны бар мекемелерге жолдама береді. Осы жолдама арқылы әңгімелесуден өтіп, екі тараптың талаптары бір-біріне қонымды болғанда ғана жұмысқа қабылданады екен. 
– Қаламызда кәсіпкерлік саласы дамып, мамандарға сұраныс бұрынғыдан көбейді. Сондықтан, бұл бағдарлама жұмыс іздеп жүргендерге ғана емес, шағын кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлерге тиімді. Мәселен, шағын бизнесін ашуға ниеттенген кәсіпкер қызметкерлеріне 40 мың теңгеден артық жалақы төлей алмайды делік. Бұл тұста мемлекеттің жеңілдігін пайдаланып, жұмысшыларына тұрақты жалақы төлеп, аяққа тұруына мүмкіндігі бар, – деді жауапты маман.
Айта кетерлігі, әлеуметтік тұрғыда жұмыс іздегендер көбінесе жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету саласы, коммуналды мекемелерге (көріктендіру, көгалдандыру, тазалық жұмыстары), жеке кәсіпкерлер ашқан шағын бизнеске жолданады. Жұмыс іздеушілерді қолдау секторының маманы нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарды саралай келе бүгінде тігіншілікпен айналысатын мамандардың қажеттілігі артқанын айтты. Өйткені, ұлттық құндылықтарға іргелі бетбұрыс басталғандықтан ұлттық киімдер, бұйымдар тігетін шағын цехтар көптеп ашылуда.

 

 

 

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0