пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Шымкенттік кәсіпкер жетім қалған балаларға қайырымдылық жасады

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасау – сауапты іс. Шымкентте жыл сайын мұндай игілікті шаралар лек-легімен өтеді десек артық айта қоймаспыз. Жомарт жандар әлеуметтік жағдайы төмен және жылулыққа мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өмірге үміт сыйлап келеді.

Сондай атымтай жомарттардың бірі – кәсіпкер Қайрат Сүлейменов. Ол жыл сайын Рамазан айында балалар үйін аралап, ата-ана қамқорынан айрылған сәбилердің жоқ-жітімін түгендеп жүруді әдетке айналдырған.

Қ.Сүлейменов биыл да білгенінен жаңылған жоқ. Ол Шымкенттегі қалалық мамандандырылған бөбектер үйіне барып, жүрек жылуына зәру балалармен кездесті. Әдеттегідей мекемені керек-жарағымен қамтамасыз етіп, сәбилерді қуантты.

«Жетімнің алғы­сын алған екі дүниенің жақ­сы­лығына бөленеді» деген пайым бар. Бос уақытын сауапты іске арнайтын жанашыр азамат ерекше күтімді қажет ететін балалардың көңілін осылай аулады.

Айта кетейік, биыл шымкенттік кәсіпкерлер Рамазан айында ерекше белсенділік танытып отыр. Мұқтаж жандарға көрсетіп жатқан бірреттік әлеуметтік көмектерді айтпаған күннің өзінде, қаладағы бизнес өкілдері автобустар мен таксилерді шымкенттіктерге тегін жалдап берді. Яғни, Рамазан айында қалалықтар кей автобустар мен таксилерде тегін жүру мүмкіндігіне ие болды.

Осы ретте айта кету керек, Шымкент шаһарында соңғы уақытта кәсіпкерлер саны айтарлықтай артып келеді. Мемлекеттің шағын және орта бизнеске көңіл бөлуінің нәтижесінде жеке кәсібін бастаған қалалықтар бүгінде өзімен бірге бірнеше адамды да жұмыспен қамтып отыр. Айта кетерлігі, сол жұмысшыларға жалақыны кәсіпкер өз қалтасынан емес, мемлекет бөлген субсидия есебінен төлейді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0