четверг, 9 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының тұрғындырына алғыс білдірді

Құрметті ЕрланЖақанұлы!

Сізді және бүкіл Қарағанды облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қарағанды облысы да елордаға ерекше сый жасады.

Еліміз үшін «Қазақ еліне мың алғыс» монументінің тарихи маңызы зор.

Бұл монумент біздің елге күштеп көшірілген халықтардың қасіретті өмірінен сыр шертіп, қазақтардың дархандығы мен адамгершілігін, көпұлтты қоғамымыздың достығы мен бірлігін бейнелейді.

Елорданың Ботаникалық бағындағы қарағандылықтар салған «Ұлытау» аллеясы қаланың сәнін келтіріп, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналатын болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Н. Назарбаев

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0